қазақ     русский

Новости колледжа

15.11.2016 11:31:27 “Біз тәуелсіз елдің болашағымыз”

31.10.2016 ж. Тәуелсіздіктің 25 жылдығын насихаттау мақсатында "Біз  тәуелсіз  елдің  болашағымыз "  тақырыбында  210 топ  " Медбикелік ісі "  студенттерімен  Э.С. Шайшаева  ашық  тәрбие сағатын  өткізді. Тәрбие сағаты жақсы деңгейде өтіп, мақсатына  жетті.

15.11.2016 11:29:10 “Жеңіл атлетика”

19.10.2016 ж.  Студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, денені сауықтыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Ә.М.Ниязқұлов "Мейіргер ісі" бөлімінің 109 топ студенттерімен “Жеңіл атлетика. Екпін алып ұзындыққа секіру әдісін үйрету” тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Оқытушы алдына қойған мақсаттарына жетті, студенттерді шыдамдылыққа және жылдамдық, ептілік, икемділік күшін арттыруға баули білді.

15.11.2016 11:27:44 «Мәңгілік Ел»

21.10.2016 ж. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» атты дөңгелек үстел Шалданбаева С.Б. –тарих пәнінің оқытушысы, Жанұзақ Е.- 420 топ студенті, студенттік кеңес ұйымының төрағасы баяндама оқып, колледждің белсенді студенттері ән айтып белсене қатысты.

15.11.2016 11:25:38 “Отбасы - тәрбие бастауы”

19.10.2016 ж. Отбасы құндылығы және оның қадір-қасиеті, тәрбиедегі ата-ананың алатын ерекше орны, ата-ананың алдында баланың жауапкершілігі туралы маңызды ұғымдарды насихаттау мақсатымен "Отбасы - тәрбие бастауы" тақырыбында бөлімішілік ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты жақсы деңгейде өтіп, мақсатына  жетті. Ашық тәрбие сағатын "Емдеу ісі" бөлімшесінің 227 топ студенттерімен Л.К Мейірманова  ашық сабақ  өткізді. 

15.11.2016 11:06:42 Кәсіподақ ұйымының есеп беру – сайлау жиналысы

12.10.2016 ж. Кәсіподақ есеп беру – сайлау жиналысында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ф.Қ. Жапарқұлова  «Бастауыш кәсіподақ ұйымының 2014 ж. мамыр айынан 2016 ж. қазан айы аралығындағы жұмысы туралы есеп» баяндамасын оқыды. Жиналысқа облыстық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы – С.Р Қасенова, денсаулық сақтау қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымының жетекші маманы Т.Т.Арғынбекова қатысты. Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелерін, тексеру комиссиясын, санақ комиссиясын ашық түрде дауыс беру арқылы сайлады. 7 делегат шығып сөз алды. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ф.Қ.Жапарқұлованың атқарған жұмысы  «қанағаттанарлық » деп есептелді.

<<     <     8     9     10     11     12     13     14     15     16     17     >     >>