қазақ     русский

Работа по профилактике правонарушений в Жамбылском медицинском колледже

Жамбыл медициналықколледжіндеқұқық бұзушылықтың алдын алу жұмысықызмет атқарады. Құқықбұзушылықтыңалдыналужұмысының мазмұны мен түрі:
  • Колледждегі топтар бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының жағдайы туралы мәселенің қаралуы.
  • Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің колледждің ішкі тәртіп ережесін, Жарғысын бұзуы және қоғамға қарсы әрекеттері мәселесін қарау.
  • Білім алушылар, мұғалімдер және ата-аналар арасындағы даулы, шиеленісті жағдайларды шешу.
  • Балаларына дұрыс тәрбие бермейтін және одан бас тартатын ата-аналар немесе оларды ауыстыратын заңды тұлғалармен түзету жұмыстарын жүргізу.
  • Құқық қорғау және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлерімен тұрақты өзара байланысты сақтау. Аталған органдардың қызметкерлерін Кеңестің отырысына шақыру. Отырысқа шығарылатын мәселелер бойынша аталған органдардан шығатын құжаттарды талқылау және қарастыру.
Басты міндеттері:
  • Ішкі істер бөлімімен бірлесе жұмыс істеу;
  • колледждің білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарының нәтижелігін арттыруға көмектесу;
  • Қауіпті топтарға жататын білім алушылармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу;
  • Кеңестің отырысына әрбір білім алушының жеке ісі бойынша оның ата-анасын немесе оны ауыстыратын заңды тұлғаны шақыру;
  • Мұғалімдер ұжымына немесе ата-аналарға арналған кеңес беру –ақпараттық қызметті жүзеге асыру;
  • Қабылданған шешімідердің орындалуын бақылау;
  • Өз қызметіне талдау жасау, оның нәтижесі бойынша жылына 1 рет педкеңесте сөз сөйлеу.
Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі болып Усенов Рахат Бакенович жұмыс жасайды.
2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Запастағы аға лейтенант.
2013 жылдың қаңтар айынан бастап Жамбыл медициналық колледжінде жұмыс істеуде.

Атқарылған іс-шаралар:

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 11,18,25 жұлдыздарында1 ПБ-нің аға инспекторлары, полиция майоры Кинжеханова Д.А. және полиция майоры Альмухамедов Б.А. және колледжіміздің құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі Р.Б. Усеновтың қатысуымен« 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылықтар, Қылмыстық және Қылмыстық процессуалдық Кодекстері жаңа редакцияларда жариялануына байланысты, аталған Кодекстерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен» таныстыру мақсатында, «Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Діни экстремизмнің алдын алу», «Түнгі қаланың балалары» тақырыптарында 1 курс білімгерлерімен кездесу ұйымдастырылып, дәрістер оқылды.
16.09.2015 жылы колледжімізде Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар орталығы» КММ мамандары А.Абдуалиева мен Д. Тұрмағанбетовтың қатысуымен «Мінез-құлық ерекшеліктері» тақырыбында психологиялық семинар-тренинг болып өтті.
25.09.2015 жылы Жамбыл облысы әкімдігі дін проблемалары зерттеу орталығының ақпараттық түсіндіру және талдау бөлімінің басшысы Е.Д. Джакипов және осы бөлімнің маманы С.М. Мутанов, Тараз қаласы әкімінің бас инспекторы М.М. Нұржанов, Тараз қалалық мәслихат ақпаратының ұйымдастыру, құқықтық бөлімінің бас маманы Р.Т. Умарова, ЖОСӨСҚМО мамандары М.О. Кейкиева мен Б.Б. Сарыбаевның қатысуымен «Есірткі-ғасыр дерті», «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» және болдырмауға бағытталған № 1 мобильдік топтың ақпараттық насихат тобы колледж білімгерлерімен кездесіп, ойларын ортаға салды.
28.09.2015 жылы колледжімізде Жастар денсаулық орталығының психолог маманы С.Ж. Жайлау мен әлеуметтік қызеткер Д.Б. Иткулованың қатысуымен «Нашақорлықтың алдын алу», «Жыныстық жолдармен жұғатын аурулар» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
28.09.2015 жылы Қызылшаға екпе алу бойынша дін тұрғысынан түсіндіру мақсатында Облыс әкімдігі дін істері басқармасының бас маманы Е.Н. Есмахановтың қатысуымен колледж білімгерлерімен кездесу өткізілді.
2015 жылдың 16,23,30 қыркүйектерінде Колледж білімгерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру» тақырыбында ҚР МҚІжСЖҚІҚ Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Н.Т. Еркебаевтың және Б.Бегалиевтің қатысуымен кездесу өткізілді.
6.10.2015 жылы ЖОСӨС ҚМО-ның дәрігер-валеологы Сүлейменова Айдана Нұрханқызы колледж білімгерлерімен кездесіп, «Темекі тартпаған, денсаулығын сақтаған» және «Ішімдіктің алдын алу» тақырыптарында дәріс оқыды.
7.10.2015 жылы ҚР МҚІ жәнеСЖҚІҚА Жамбыл облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Н.Т. Еркебаев «Сыбайлас жемқорлықтың түрлі салаларға тигізген зардаптары» тақырыбында колледж білімгерлеріне дәріс оқыды.
12.10.2015 жылы «Есірткіге қарсы күрес жайында толық мәлімет» тақырыбында Тараз қаласы ІІБ 1 ПБ-нің КТІЖ аға инспекторлары полиция майоры Б.А. Альмухамедов пен полиция капитаны Д.У. Маханов колледж білімгерлеріне дәріс оқыды.
13.10.2015 жылы Тараз қалалық ІІБ ӘПБ ЮПТ инспекторлары полиция аға лейтенанттары А.Арысбаев, Д. Дауренбаев және колледжіміздің құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі Р.Б. Усенов «Қылмысқа қарсы күрес және оның алдын алу» тақырыбында колледжіміздің ер балаларымен кездесіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
14.10.2015 жылы ҚР МҚІ жәнеСЖҚІҚА Жамбыл облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Б. Бегалиев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында колледж білімгерлеріне дәріс оқыды.
21.10.2015 жылы ҚР МҚІ және СЖҚІҚА Жамбыл облысы бойынша департаментінің консультанты С. Әлібеков «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында колледж білімгерлеріне дәріс оқыды.
27.10.2015 жылы «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Тараз қалалық ІІБ ӘПБ ЮПТ инспекторлары полиция аға лейтенанттары А.Арысбаев, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті әдіскері Нұрмолдаева Айсұлу Аманкуловна және «Социальная звезда» ЖҚФ-ның маманы А.Д. Заурбековалар білімгерлермен кездесіп, дәріс оқыды.
31.10.2015 жылы колледжімізде жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа Жамбыл медициналық колледжінің директоры С.Қ.Қоңырова, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары М.И.Тлеубаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т.Қуанышбекова, «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі Ж.Б.Қалымбетова, колледжіміздің құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмысының меңгерушісі Р.Б.Усенов, колледж психологы Ж.Л.Шужеева, 1 ПБ-нің аға инспекторы, полиция майоры Д.А. Кинжеханова қатысып, колледждің ішкі тәртібі,ережесі, оқу жүйесі, ата-аналардың, кәмелетке толмағандардың құқықтары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2.11.2015 жылы. Жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Исламбек Дастанның қатысуымен колледж білімгерлері арасында «Жастар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу болып өтті.
3.11.2015 жылы Жастар денсаулық орталығының дәрігер эпидемиологы Б.Б. Мадикенова, психолог маманы З.Т. Курумбаева және әлеуметтік қызметкер Д.Б. Иткуловалардың қатысуымен «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында колледж білімгерлеріне дәріс оқылды.
4.11.2015 жылы. «Сыбайлас жемқорлықтың өмірдегі түрлі салаларға тигізетін зардаптары» тақырыбында ҚР МҚІ және СЖҚІҚА маманы Н.Т. Еркебаевтың колледж білігерлерімен өз ойын ортаға салып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
5.11.2015 жылы. Жастар денсаулық орталығының психолог маманы А.С. Асаубековтың қатысуымен «Жастар темекіге қарсы» тақырыбында тренинг болып өтті.
7.11.2015 жылы Колледжімізде «Құқықбұзушылықтың алдын алу», «Суицидтің алдын алу», «Нашақорлықтың, темекі, арақтың, насыбай, діни терроризмнің алдын алу» тақырыптарында кәмелетке толмаған жеткіншектер мен олардың ата-аналарына түсіндіру мақсатында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа Тараз қалалық 1 ПБ-нің аға инспекторы, полиция майоры Д.А. Кинжеханова қатысып, кәмелетке толмаған жеткіншектердің әрбір іс-қимылдары үшін ата-аналардың ҚР әкімшілік құқықбұзушылыққа тартылатынын баса айтып өтті. Жиналыс барысында колледж әкімшілігі мүшелерімен танысып, оқу процесі түсіндірілді.
9.11.2015 жылы Тараз қаласы 1 ПБ-нің аға инспекторлары полиция майоры Б.А. Альмухамедов пен полиция капитаны Д.У. Махановтар Ғ. Байтасовтың өмірі туралы колледж білімгерлеріне дәріс оқыды.
10.11.2015 жылы ЖОСӨСҚМО дәрігері А.Н.Сүлейменова мен А.В.Чикановалар «Зиянды заттың алдын алу» және «Арақ ішіп, темекі шеккен, денсаулығының түбіне жеткен» тақырыптарында колледж білімгерлерімен кездесіп, семинар тренинг болып өтті.
11.11.2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында ҚР МҚІ және СЖҚІҚА маманы Б. Бегалиев колледж білігерлерімен кездесіп, дәріс оқыды.
12.11.2015 жылы «Қаржылық сауаттылықты арттыру» тақырыбында ҚР ҰБ Жамбыл филиалының директорының орынбасары Н.М. Берікбосынов пен ҚР ҰБ Жамбыл филиалының бөлім бастығы Б.Ә. Итмашевалар колледж білімгерлеріне дәріс оқыды.
12.11.2015 жылы Жастар денсаулық орталығының психолог маманы З.Т. Курумбаева мен әлеуметтік қызметкер Д.Б. Иткуловалар колледждің қыз балаларымен кездесіп, «Қыздар гигиенасы» тақырыбында дәріс оқыды.
13.11.2015 жылы ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодекстеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндіру мақсатында Тараз қаласы 2 ПБ-нің инспекторлары полиция аға лейтенанты Т.Қ. Султаналиев пен полиция лейтенанты А.Н. Жалдыбаев колледж білімгерлеріне дәріс оқыды.
14.11.2015 жылы Колледж білімгерлерінің уақытын тиімді пайдалану мақсатында, Б.Е. Сатқыновтың жетекшілігімен колледж білімгерлері арасында шахматтан турнир болып өтті.
18.11.2015 жылы «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында Облыс әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы С. Култаев пен Б. Қырғызбай және Тараз қалалық ІІБ ӘПБ ЮПТ инспекторлары, полиция аға лейтенанттары А.К. Арысбаев пен Д.М. Даулетбаев, «hибатулла Тарази» орталық мешітінің наибы Т. Тилманбетовтер колледж білімгерлерімен кездесіп дәріс оқыды.
18.11.2015 жылы «Дүниежүзілік темекі тартудан бас атрту күні» тақырыбында Жастар дамуының Жамбыл орталығы қоғамдық бірлестігінің маманы А.Данаева, ЖОСӨСҚМО-нің бөлім меңгерушісі Р.А. Юлдашева және маман М.О. Кейкеевалар колледж білімгерлерімен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
18.11.2015 жылы «Мен және менің құқықтық жауапкершілігім» тақырыбында А. Макеева тәрбие сағатын өткізді.
19.11.2015 жылы колледж білімгерлерінің уақытын тиімді пайдалану мақсатында Б.А. Нұрғабыловтың ұйымдастыруымен колледж білімгерлері арасында Тоғызқұмалақтан жарыс өтті.
19.11.2015 жылы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстерін және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу заңдарын, кәмелеттік жасқа толмағандардың жауапкершілігі мен құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын түсіндіру, сонымен қатар «зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында Тараз қ.ІІБ 1,2,3 ПБ ӘПБ ӘЗЗҚКТ аға инспекторлары Пискарева Е.М., Семенова О.В., Амиреева Д.К. сонымен қатар «Шиват ЦИОН» еврей мәдениет орталығының қатысуымен колледж білімгерлеріне дәріс оқыды.
20.11.2015 жылы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстерін және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу заңдарын, кәмелеттік жасқа толмағандардың жауапкершілігі мен құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын түсіндіру, суицидтің алдын алу, адам сату, сексуалдық зорлық-зомбылық, сонымен қатар «зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында Тараз қ.ІІБ 1,3 ПБ ӘПБ ӘЗЗҚКТ аға инспекторлары Пискарева Е.М., Амиреева Д.К. қатысуымен колледж білімгерлеріне дәріс оқыды.
23.11.2015 жылы «Жирен жаман әдеттен» тақырыбында топтар арасында сайыс болып өтті.
25.11.2015 жылы колледжімізде психолог А. Оскенбаеваның ұйымдастыруымен «Мен өз күшіме сенемін» тақырыбында тренинг болып өтті.
4.12.2015 жылы колледжімізде «Тараз достары» ЖҚБ төрағасы Дастан И.Д., ата-аналар Жоламанова Б.А., Ұзақова Ш.Қ., Нарымбетова Д., Жанисова Д. және Тараз қаласы ІІБ ӘПБ ЮПТ аға инспекторы полиция аға лейтенанты А. Арысбаев., колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т. Қуанышбекова., колледж психологы Ж.Л. Шужеевалардың қатысуымен, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі Р.Б. Усеновтің ұйымдастыруымен «Заңды білу-заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында білімгерлер заң туралы өз ойларын ортаға салды.
22.12.2015 жылы колледжімізде «Жолдау жастар көзімен» тақырыбымен Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы облыстық «Жастар орталығы» директорының орынбасары Көпбергенов Төленді Жексенбайұлы мен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенттік ректоры, Жамбыл облысы студенттер Альянсының көшбасшысы Муратбаев Әлібек Жарылхасынұлы сынды жастар түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
16.12.2015 жылы Тәуелсіздікке 24 жыл толуына орай Қайрат Рысқұлбеков саябағына колледж директоры С.Қ. Қоңырова мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т. Қуанышбекова бастаған бір топ оқытушылар құрамы гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
27.01.2016 жылы колледжімізде ЖОСӨСҚМО мамандары А.Н. Сүлейменова мен Б.Б. Сарыбаеваның және №3 ҚП Г.Г. Наржановалардың қатысуымен «Қыздардың өсімталдық қасиеті», «Абортқа жол жоқ», «Қыздар бой жеткенде» тақырыптарында колледжіміздің 405, 416, 420, 425 топтарының қыздарымен ой бөлісіп, дәріс оқыды.
28.01.2016 жылы колледжімізде «Дәстүрлі емес діни ағымдар», «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге 301,302,314 топ білімгерлерімен бірге Жамбыл облысы әкімдігі Дін істер басқармасы ақпараттық түсіндіру және талдау бөлімінің дінтанушы инспекторы Қырғызбай Бағлан мен консультант Сабырұлы Әбілқайыр қатысып, пікір алмасып,білімгерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
03.02.2016 жылы Тараз қаласы ІІБ 1-ПБ-нің ӘЗЗҚ жөніндегі аға инспектор, полиция майоры Е.М. Пискаревамен «Менің отбасымның – портреті атты» кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге 109, 110, 114, 117,118 топ білімгерлері қатысып, ойларын ортаға салды.
06.02.2016 жылы колледжімізде ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында Тараз қаласы ІІБ 1 ПБ-нің аға инспекторлары, полиция майорлары Е.М. Пискарева, Д.А. Кинжеханова, Б. Альмухамедовтер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, сексуалды зорлық-зомбылық, отбасындағы зорлықтуралы айтып өтті.
08.02.2016 жылы Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ орынбасары, полиция майоры Е.Ж. Рыскулбеков, Тараз қ.ІІБ аға инспекторы, полиция капитаны Р. Картемишев., 1 ПБ-нің КТІЖ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты А.Н. Жаксыгулов., ӘЗЗҚЖ аға инспектор, полиция майоры Е.М. Пискарева., ӘЗЗҚЖ ЖПҚ, полиция майоры А.Ш. Молдатаевалардың қатысуымен «Закон и Я » тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде облысымызда болып жатқан бірқатар мәселелер талқыланды.
25.02.2016 жылы Пушкина көшесінде орналасқан «Б корпуста» Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік тірегі - жастар» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстел барысында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері А.К. Дәулетқұлова, Нұр отан партиясы Жамбыл облысы филиалының «Жас отан» жастар қанатының төрағасы У.Б. Болатбек., Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің басшысының орынбасары Б.Қ. Тажибаевтар қатысып, білімгерлерге ой тастады. Дөңгелек үстел барысында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т. Қуанышбекова сөз сөйлеп, ҚБАЖ меңгерушісі Р.Б. Усенов пен тарих пәнінің оқытушысы Д.К. Амирбеков баяндама оқыды.
27.02.2016 жылы колледжімізде «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары және оны болдырмау.» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының құқық бұзушылықтың алдын алу бөлімінің басшысы Дарибаева Гулзира Лесбайқызы., Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің жетекшісі Келдибаева Гулзат Елемесқызы., Тараз қаласы ІІД 1 ПБ-нің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспектор, полиция майоры Пискарева Елена Михайловна., 1 ПБ-нің КТІЖ аға инспекторы, полиция аға лейтенанты А.Н. Жаксыгуловтар қатысып түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
29.02.2016 жылы сағат 13.00-де жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу онлайн режиміндегі интерактивті сабаққа құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі Р.Б. Усенов және Кеңес мүшелері Сатқынов Б.Е., Салимбаева Қ.Е., Кунербаев Е.М., сонымен қатар А. Сұлтанғалиева қатысты.