Учебно-методическая работа : Конференции
Халықаралық ғылыми –тәжірибелік конференциялар
16.10.2015 ж. Түркістан медицина колледжінің 50 жылдығына орай өткізілген «Дуалды оқыту жүйесі - сапалы, бәсекелестікке қабілетті
мамандар даярлау негізі» атты Халықаралық ғылыми - тәжірибиелік конференциясына колледж директоры С.Қ.Қоңырова, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары
М.И.Тлеубаева, біліктілікті арттыру бөлімінің меңгерушісі Ж.М.Кабирова қатысып, Сертификатқа ие болды.
30.10.2015 ж. Астана медициналық колледжінің 80 жылдығына орай, «Қазақстан Республикасындағы мейіргерлік қызметтің әрі қарай дамуы. Мейіргерлер мамандығын даярлаудағы
заманауи көзқарас» атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференцияға директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ж.Н.Сарыбекова, директордың
оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.Т.Андакулова қатысып қайтты.
15.11.2015 ж. Астана қаласында электронды жүйеде өткен «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталы-ғымен ұйымдастырылған
«Компьютерлік технологияның қолдауымен өткізілген ең үздік сабақ» атты Республикалық оқытушылар сайысында ІІ орынды тарих пәнінің оқытушысы Ш.Т.Маманова иеленіп, Дипломмен марапатталынды.
Республикалық ғылыми - тәжірибелік конференция
18.11.2015 ж. Астана қаласында «Роль профессионального менеджмента в реформировании системы здравоохранения Республики Казахстан»
тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференцияға Жамбыл медициналық колледжінің директоры С.Қ.Қоңырова, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары М.И.Тлеубаева қатысып, Сертификатқа ие болды.
27.11.2015 ж. «Мәңгілік ел: Қазақстанның қалыптасуы мен өркендеуінің кепілі!» атты республикалық ғылыми - практикалық конференциясына қатысқаны
үшін тарих пәнінің оқытушысы Ғ.А.Сыздықова Сертификатқа ие болды. Осы конференцияда 213 топ білімгері А.Қосақова ІІІ орын алып, Дипломмен марапатталды.
Ғылыми-тәжірибелік конференция
03.12.2015 ж. Омск мемлекеттік медициналық университеті ұйымдастырған “Білім беру. Ғылым. Инновациялар” тақырыбында өткен Халықаралық ғылыми
тәжірибелік конференцияға директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ж.Н.Сарыбекова, директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Қ.Т.Андакулова,
колледж психологы Ж.Л.Шужеева қатысып Сертификаттарға ие болды.
15.12.2015 ж. “ZIAT” ғылыми – әдістемелік орталығы мен ұйымдастырылған қашықтықтан өткізілген “Жаңа педагогикалық идеялар” атты Республикалық сыныптан
тыс іс-шаралар сайысына директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Сарыбекова Ж.Н., колледж әдіскері Батаева Л.К. қатысып, I жүлделі орынға ие болды.
20.12.2015 ж. On-line режимінде Көкшетау медициналық колледжінде өткен Қазақстан хандығының 550-жылдығына арналған «Қазақ хандығы: тарихы, дамуы,
маңызы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияна тарих пәнінің оқытушысы Ш.Т.Маманова және 308 топ студенті Д.Е.Амантаев қатысып, Сертификатқа ие болды.
24.02.2016ж. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде «Жаратылыстану пәндерін оқытуда жаңаша оқыту технологиялар арқылы
маманның құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикумға белсене қатысып, баяндама оқығаны үшін биология пәнінің оқытушысы А.Б.Сұлтанаева
және информатика пәнінің оқытушысы А.К.Құдайбергенова Алғыс хатпен марапатталды.
“ZIAT ” ғылыми – әдістемелік орталығы мен ұйымдастырылған қашықтықтан өткізілген II Республикалық педагоктардың "Өнегелі ұстаз" атты сайысына
колледж директоры Ж.Н. Сарыбекова, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Ж.Б. Иманбекова қатысып, III жүлделі орынға ие болды.
15.02.2016 ж. Астана қаласында «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдасты-рылған қашықтан өткізілген ІІ Республикалық педагогтардың
«Өнегелі ұстаз» атты сайысына орыс тілі және орыс әдебиет пәнінің оқытушысы К.Ж.Байбосынова І орынға ие болды.