қазақ     русский

Учебно-методическая работа : Открытые мероприятия

2015-2016 оқу жылында оқытушылардың өткізген ашық сабақтары

25.11.2015 ж. №2 Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндері ЦӘК оқытушысы Р.А.Асылбекова «Мейірбикелік іс» 104 топта химия пәнінен «ІІ А топша элементтеріне жалпы сипаттама. Кальций және магний. Судың кермектігі» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.
27.11.2015 ж. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмы-сын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ бағалай білу мақсатында студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Р.Абдрахманова және жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Д.Б.Уркимбаеваның ұйымдас-тыруымен Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру бағыты бойынша, «1 - желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесіне орай «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты концерттік бағдарлама өткізілді.
22.12.2015 ж. Математика пәнінің оқытушы Д.Н.Токсанбаева «Определённый интеграл» тақырыбында «Фармация» 229 топ студенттерімен ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: Интеграл мағынасын түсіндіріп және оны есептеудің түрлі амалдарын көрсету.
23.12.2015ж. Информатика пәнінен «Емдеу ісі» 101 топ студенттерімен «Электрондық кесте құрылымы, мәліметтерді енгізу. Фильтрлеу және автопішін» тақырыбында ашық сабақты оқытушы Г.К.Сарыбаева өткізді. Сабақта электрондық кесте құрылымы, мәліметтер туралы түсінік беріліп, фильтрлеу және автопішінді таныстырып, студенттер білімдерін тапсырма орындау барысында жетілдіре білді.
24.12.2015 ж. Оқытушы Г.Жантохова «Қазақстан тарихы» пәнінен «ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақта Жоламан Тіленшіұлы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістер туралы тың мәліметтер беріліп, ұлт-азаттық қозғалыс туралы және Жәңгір хан туралы бейнефильмдер көрсетілді.
28.12.2015 ж. Жалпы гигиена пәнінің оқытушы Ж.Р.Алтынбекова “ Еңбек гигиенасы ” тақырыбы бойынша, өндірістік зияндылықтар түсінігі мен жіктелуі және өндірістік зияндылықтардан туындайтын кәсіптік аурулардың алдын алу шараларымен таныстыру мақсатында «Емдеу ісі» 301 топ студенттерімен ашық сабақ өткізді.
08.12.2015 ж. «Медбикелік ісі негіздері» пәнінің оқытушысы А.Т.Парманова «Қабылдау бөлімшесінің құрылымы және медбикенің міндеттері, қабылдау бөлімшесінің медициналық құжаттарын толтыру. Антропометриялық өлшемдерді жүргізу» тақырыбы бойынша «Медбикелік іс» 211 топ студенттерімен ашық сабақ өткізді.
08.12.2015 ж. Физика пәнінің оқытушы Р.К.Тұрсынбаева «Электр сыйымдылығы. Конденсатор. Конденсаторлардың түрлері. Электр өрісінің энергиясы» тақырыбы бойынша «Медбикелік іс» бөлімі 109 топ студенттерімен ашық сабақ өткізді.
09.12.2015 ж. «Медбикелік ісі негіздері» пәнінің оқытушы Э.Күдебаева «Науқастарға санитарлы- гигиеналық тазартуды жүргізу. Битшендік айқындалғанда санитарлық тазартуды жүргізу» тақырыбы бойынша «Медбикелік іс» 211 топ студенттерімен ашық сабақ өткізді.
19.12.2015 ж. Қазақстан тарихы пәнінен «ХІV-ХVІІІ ғасырдағы қазақ мәдениеті» тақырыбы бойынша Жамбыл медициналық колледжінің 80 жылдық мерейтойы аясында «Мейірбике ісі» 221 топ студенттерімен С.Б.Шалданбаева ашық сабақ өткізді.
12.02.2016 ж. Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы З.А.Бильдибаева «Қазақтың ұлттық, халық және қимыл-қозғалыс ойындары» тақырыбында «Медбикелік іс»108 топ студенттерімен ашық сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты: студенттерге «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.
17.02.2016ж. Орыс тілі пәнінің оқытушысы Э.Б.Бердалиева «Емдеу ісі» 206 топ студенттерімен «Санатории и курорты Казахстана. Правописание окончаний имён прилагательных» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
17.02.2016 ж. Физика пәнінің оқытушысы Э.Ж.Султанаева «Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері. Лоренц күші» тақырыбы бойынша «Мейірбикелік іс» 107 топ студенттерімен ашық сабақ өткізді.
25.02.2016 ж. Кәсіби шет тілі пәнінің оқытушысы Қ.Ә.Тойланбаева «Our best word nurse», Гр.«The Present Perfect Tense» тақырыбында «Емдеу ісі» 206 топпен ашық сабақ өткізді.
27.02.2016 ж. Фармакология негіздері пәнінің оқытушысы А.К.Серкебаева «Мейірбикелік іс» 312 топ студенттерімен қан жүйесіне әсер ететін дәрілерге жалпы түсінік бере отырып, әсер ету механизімін, фармакологиялық тобын, кері әсерін, рецепте жазылуын үйрету мақсатында «Қан жүйесіне әсерететін дәрілер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.