Учебно-методическая работа : Внутриколледжные профессиональные конкурсы
Кәсіби байқаудың әділ-қазы алқасының төрағалығы мен мүшелігіне қалалық медициналық емдеу ұйымдарынан мамандар шақырылды:
Пыхыбаева У.К. - Қалалық медициналық жедел жәрдем көрсету станциясының бас дәрігерінің ішкі аудит бойынша орынбасары, байқаудың
төрайымы; байқау мүшелері: Молдабаев Р. Б.- № 2 Қалалық аурухананың күйік бөлімшесінің жоғарғы санаттағы дәрігері,
Искалиева Ж. – Қалалық медициналық жедел жәрдем көрсету станциясының фельдшері, аға диспетчер, Тышқанбаева Р. С. – Қалалық
перинатальдық орталығының ІІ-ші анамен баланың бірге болу бөлімінің аға акушері. Сонымен қатар, Тлеубаева М.И. - Жамбыл
медициналық колледжінің директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасары, Андакулова Қ. Т. - Жамбыл медициналық колледжінің директорының оқу- өндірістік ісі жөніндегі орынбасары.
Байқауға «Емдеу ісі» бөлімі 402, 404, 415, 420 топ студенттері қатысты.
Байқау 6 кезең бойынша өткізілді: «Бүгінгі түлек - ертеңгі күнгі маман» тақырыбына презентация, «Бәйге» (блиц - турнир сұрақтары),
«Ғажайып есептер» (ситуациялық есептерді шешу), « Кім тапқыр» (электрокардиограмманы оқу), «Кім жылдам» (тәжірибелі дағдыларды орындау
қан тамырға тамшылатып дәрі егу), «Десмургия» (таңғыштарды салу). «Үздік фельдшер - 2016» байқауында І-орынды иеленген «Емдеу ісі » бөлімі
402-топ студенті Әшірханова Ж.; ІІ-орынды иеленген «Емдеу ісі » бөлімі 404-топ студенті Қанай А., «Емдеу ісі » бөлімі 415-топ
студенті Тоқтасын Н.; ІІІ-орынды иеленген «Емдеу ісі » бөлімі 402 топ студенті Маматаев Е.
Орта медицина қызметкерлерінің маңыздылығы мен қажеттілігін ескере отырып, кәсіби білімді жетілдіру мақсатымен
мейірбике ісі негіздері пәнінің оқытушылары А.Д.Бахаева, Ж.Т. Кикбаеваның ұйымдастыруымен «Үздік мейірбике» байқауы өткізілді.
Байқаудың әділ-қазы алқасының төрағалығы мен мүшелігіне қалалық медициналық емдеу ұйымдарының мамандары шақырылды: Назарбекова Г. Б. -
Облыстық балалар ауруханасының бас мейірбикесі; Укубаева А. А. - Облыстық балалар ауруханасының аға мейірбикесі. Байқауға
«Мейірбике ісі» бөлімі 407, 408, 409, 410 топ студенттері қатысты. Байқаудың 1-ші кезең» тест түрінде өткізілді, жоғары балл жинаған студенттер 2-ші кезеңге өткізілді.
Негізгі 2-ші кезең 4 тур бойынша өткізілді: «Мейірбике - мейірімділік символы», «Зерек болсаң, шешіп көр», «Мықты болсаң, тауып көр» -
клиникалық ситуациялар есептер шығарылды, «Ойлы болсаң, озып көр» - блиц - турнир сұрақтарына студенттер жауап берді.
«Үздік мейірбике» байқауында І-орынды иеленген «Мейірбике ісі » бөлімі 407-топ студенті Амангелді Н.; ІІ-орынды иеленген «Мейірбике ісі » бөлімі
409-топ студенті Дүйсетова Т.; ІІІ-орынды иеленген «Мейірбике ісі » бөлімі 407 топ студенті Тасыбаева А., 410 топ студенті Ниеталы А.
«Үздік мейірбике» атанған Амангелді Несебелі 20 мамыр 2016 жылы Орал қаласындағы Батыс Қазақстан медициналық колледжі базасында «Мейірбике ісі» мамандығының
түлектері арасында өткізілетін «Өткенді бағалаймыз, қазіргімен мақтанамыз, болашақты қалаймыз» атты республикалық кәсіби байқауға жолдама алып отыр. Несібеліге сәттілік тілейміз!
Жастардың шығармашылық қабілетін арттыру және білімін дамыту, кәсіптік пәндер бойынша білімдерін тәжірибемен ұштастыру, сапалы маман болуға дағдыландыру,
инновациялық технологияларды қолдана отырып студенттердің клиникалық ойлау қабілетін дамыту мақсатымен «Үздік фармацевт - 2016» байқауын
фармацевтикалық пәндер оқытушысы Ұ.М.Ахметова «Ұлт болашағы білімдінің қолында» ұранымен өткізді. Байқаудың әділқазылар алқасы құрамына
«Әмір және Д» ЖШС атқарушы директоры Айткулова Л.О., әділқазылар алқасының төрайымы, «Ерко» ЖШС фармацевті Оналбаева А.А.,
«Әмір және Д» ЖШС фармацевті Таштамирова К.М., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тлеубаева М.И., директордың оқу – өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Андакулова К.Т.
Байқауға «Фармация» бөлімінің 422 топ студенттері Аббасова П., Азизова Н., Әлімбатыр Б., Омашев Д., Рахимова Ф., Шахпазов Д. қатысып өз білімдерін шыңдады.
Байқау 6 кезең бойынша өткізілді: Блиц – турнир; Фитоөнімнің презентациясы; «Сандар сөйлейді»; «Фармакология» пәнінен берілген препараттарды фармакотерапиялық
топтарға жіктеу; «Фармакогнозия» пәнінен дәрілік өсімдіктер шикізаттарымен тәжірибелік жұмыс; «Дәрілік заттар технологиясы» пәнінен берілген рецепттер бойынша дәрілік түр дайындау.
«Үздік фармацевт -2016» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: 1 орын – Омашев Д., 2 орын – Шахпазов Д., 3 орын - Азизова Н.
Барлық сайыскерлер мадақтау қағазымен, сыйлықтармен марапатталды. Келешекте біздің колледж түлектері әрқашан жеңістің биік тұғырынан көрініп жүретіндеріне, өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болатынына сенімдіміз.