қазақ     русский

Новости колледжа

11.10.2016 12:22:39 Біліктілікті арттыру және қайта даярлау бөлімінде орта медициналық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

05.09.16.-19.09.16 ж. аралығында ақылы негізіндегі «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі»  мамандықтары  бойынша «Хирургиялық ауруларды және зақымдануды оперативтік емдеудің мейірбикелік технологиялары», «Госпитальға дейінгі кезеңдегі дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек», «МСАК учаскелік мейірбикесінің  жұмысы»  атты циклдар өткізілді.

 

19.09.16.-01.10.16 ж. аралығында  мемлекеттік негізде  «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі», «Акушерия ісі» мамандығы бойынша «Жалпы тәжірибе дәрігердің мейірбике  жұмысы», «ЖИА жіті түрлерінде, ми инсультінде  шұғыл көмек көрсету. Электрокардиография негіздері», «Акушерия және гинекологиядағы шұғыл жағдайлар» атты циклдары өткізілді.

11.10.2016 12:11:35 Әдістемелік мектеп. Жас оқытушылар мектебінің отырысы

7.09.2016 ж.  Әдістемелік мектеп отырысы өтті.

Күн тәртібінде:  

1.Нормативті-құқықтық базаны оқу. Құжаттарды жүргізу. Аттестация. Педагогика қызметкерлерінің біліктілігіне қойылатын талаптар. Педагогика қызметкерлерінің  аттестацияға байланысты нормативті құжаттарын оқу.     

                                                    

Жауапты: Әдіскер Батаева Л.К. Аттестация комиссиясының хатшысы: Сарыбаев  Г.К.

2.Жас және жаңадан келген оқытушыларға нақты көмек ұйымдастыруда диагностикалық  зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жас оқытушылар мен жаңадан келген оқытушылармен танысу.

3.Жас оқытушылармен, жаңадан келген оқытушылармен танысу және педагог-тәлімгерлерді таныстыру. Жас  оқытушының жұмыс орнына кәсіптік бейімделуі. Оқытушының құқықтары мен міндеттері.  Оқытушыға  қойылатын талаптар.

  Жауапты: әдіскер Батаева Л.К.

4. Күнтізбелік жоспарларды құрастыру ережесі.Сабақ жоспарларын жазу үлгісі.Сабақтың үш бірдей дидактикалық мақсаттылығы.Сабақ жоспарының дұрыс құрылуы.         Жауапты: әдіскер Иманбекова Ж.Б. Әдістемелік мектеп отырысын колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова ашып, жас және жаңадан келген оқытушыларға колледждегі еңбектеріне сәттілік тілей отырып, қазіргі заман талабына сай оқытушы болуға, сапалы білім беруге шақырды.Жаңадан келген оқытушылар  жаңа

оқу жылының жоспарына ұсыныс –тілектер айтты.

11.10.2016 11:49:17 Педагогикалық кеңес

19.10.2016 ж. Педагогикалық кеңестің бірінші отырысы өткізілді.

Күн тәртібі:

1.Педагогикалық кеңестің хатшысын сайлау.

2.Қабылдау комиссиясының 2015-2016 оқу жылы жұмысының қорытындысы.

Жауапты: қабылдау комиссияның хатшысы Жапарқұлова Ф.К.

3.2015-2016 оқу жылының  ІІ жартысындағы студенттердің қарыздарын жою туралы есеп.

Жауапты: директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышбекова Л.Т.

4.2015-2016 оқу жылына педагогикалық ұжымы қызметінің негізгі міндеттері  мен бағыттарын бекіту:

- педагогикалық кеңестің құрамы және жұмыс жоспары;

- әдістемелік кеңестің құрамы мен жұмыс жоспары;

- колледжде жұмыс жасайтын комиссиялар және олардың құрамы, төрағалары;

-үйірме және спорт секцияларының жетекшілері;

-циклдық-әдістемелік комиссиялар және олардың құрамы, төрайымдары;

- топ жетекшілері.

Жауапты: директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышбекова Л.Т.

5. 2015-2016 оқу жылындағы ЦӘК жұмыстары туралы талдамалы есеп.                               

  Жауапты: оқу-әдістемелік кабинет меңгерушісі Иманбекова Ж.Б.

6. Әр-түрлі сұрақтар.

11.10.2016 11:48:06 «Қарттарым - асыл қазынам»

29.01.2016 ж. №3 Жалпы білім беру және ізгілендіру пәндер циклдық әдістемелік комиссиясы төрайымы Л.Б.Саурбаеваның ұйымдастыруымен 1- қазан Халықаралық қарттар күніне  арналған «Қарттарым - асыл қазынам» атты ардагер ұстаздарға арналған салтанатты кеш өтті.Кеште ардагер ұстаздар жылы лебіздерін білдіріп, өнегелі сөздер айтты. Колледж әкімшілігіне алғыстарын білдірді.Колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова ардагерлерді құттықтап, сыйлықтар берді.Мерекелік кеш ақ дастарханмен жалғасын тапты.

11.10.2016 11:46:14 «Ұстаз – саған мың алғыс!»

30.09.2016 ж.  №2 Жалпы кәсіптік пәндер циклдық әдістемелік комиссиясы төрайымыҰ.М.Ахметованың ұйымдастыруымен мұғалімдер күніне байланысты .«Ұстаз – саған мың алғыс! » атты салтанатты кеш өтті. Колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова ұжымды мерекемен құттықтап, өткен оқу жылында белсенділік танытқан оқытушыларды мақтау қағазбен және алғыс хаттармен марапаттады.Колледждің кәсіподақ ұйымы ұстаздардың төл мерекесіне сыйлықтар берді.

<<     <     11     12     13     14     15     16     17     18     >     >>