қазақ     русский

Новости колледжа

15.11.2016 12:30:42 “Розовый месяц борьбы с раком молочной железы”

22.10.2016 ж .  Тұңғыш Президенті  саябағында "Розовый месяц борьбы с раком молочной железы" атты кең ауқымды акция өтті. Аталған акция жыл сайын қазан айы бойы бүкіл әлемде өткізіледі. Кеуде қатерлі ісігіне қарсы күресу акциясын Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының міндетін атқарушы М.Жұманқұлов сөзімен ашты. Жамбыл медициналық колледжінің студенттері осы акция шеңберінде өткен жүгіру марафонында жүлделі I орынды иеленіп, кубокпен марапатталды.

15.11.2016 12:29:19 "Әкем, анам және мен" отбасылық эстафета

10.09.2016 ж.  Жамбыл медициналық колледжінің 80 жылдығы,ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық  мерейтойы аясында "Отбасы күніне" арналған дене тәрбиесін және салауатты өмір салтын ата-аналар мен студенттер арасында қалыптастыру бағыты бойынша  "Әкем, анам және мен" атты отбасылық эстафеталық жарыс өткізілді. Жарысты дене шынықтыру пәнінің оқытушылары Ә.М.Ниязқұлов, Б.А.Нұрғабылов ұйымдастырды. Бұл жарыс жас ұрпақтың спортқа деген қызушылығын арттыра түсті.

15.11.2016 12:28:23 Симуляция орталығының жұмысы

Жамбыл медициналық колледжінің Б корпусында "Емдеу ісі" бөлімінің IV курс студенттері  Симуляция  орталығында тәжірибелік дағдыларды тапсыру жұмысын  10 қазаннан бастады.   Студенттер келесі станцияларда машықтанады. Жүректің кенеттен тоқтауында көмек көрсету: жүрек- өкпе реанимациясы/оказание неотложной помощи при остановке сердца, жарақаттарда  жедел көмек көрсету/оказание неотложной помощи при травмах, парентеральды иньекциялардың техникасы/техника парентеральных инъекций, жарақатты алғашқы өңдеуді жүргізу және  таңғыш салу/ проведение первичной обработки раны и накладывание повязки.

15.11.2016 12:07:03 Біліктілікті жетілдіру және қайта даярлау, симуляциялық оқыту орталығында қазан айында өткізілген іс-шаралар

17.10.2016.-29.10.2016 жылы  бюджет негізде «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі»  мамандықтары  бойынша «Ер адамдардың денсаулығын қорғау. Емханадағы ерлерді қарау кабинеті мейірбикесінің (мейіргер) жұмысы»,«Созылмалы инфекциялық емес және әлеуметтік мәні бар аурулардың  алдын-алу МСАК мейірбике рөлі»,«Шұғыл жедел жәрдем фельдшерінің жұмысы» атты циклдар өткізілді.

 

03.10.2016.-15.10.2016 жылы ақылы негізде «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі»  мамандықтары  бойынша «Білім беру жүйесі мейірбикесінің жұмысы», «Акушерия және гинекологиядағы шұғыл жағдайлар», «Педиатрияда көрсетілетін дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек», «Дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсетудің жалпы мейірбикелік технологиялары» атты циклдар өткізілді.

 

 

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып Жамбыл медициналық колледжінің  «Біліктілікті жетілдіру және қайта даярлау, симуляциялық оқыту орталығы облыстағы орта медицина қызметкерлерін оқыту кестесін ұйымдастырды. Колледждің әкімшілік – оқытушылар құрамынан тренерлер дайындалды.«Біліктілікті жетілдіру және қайта даярлау , симуляциялық оқыту жұмысы жөніндегі директордың орынбасары  М.И.Тлеубаева мен «Аймақтық симуляциялық орталықтың» бөлім меңгерушісі Ф.Д.Тұрмысова ағымдағы жылдың 29-қыркүйегінде Астана қаласында өткізілген  МӘМС енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу шеңберінде ұйымдастырылған медициналық ЖОО және колледждер оқытушы тренерлеріне арналған семинарға қатысты.

15.11.2016 11:46:51 Студенттер кәсіподақ ұйымының есеп беру-сайлау конференциясы

4.10.2016 ж. Студенттер кәсіподақ ұйымының есеп беру және сайлау конференциясы өтті. Ашық түрде, дауыс  беру арқылы Н.Р.Абдрахманова қайта сайланып, ал Б.А.Қырықбаева міндетін атқарушы болып тағайындалды. Конференцияға - «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының жетекші маманы - Т.Т.Арғынбекова студентерге кәсіподақ стипендиясының сертификатын ұсынды.

<<     <     6     7     8     9     10     11     12     13     14     15     >     >>