қазақ     русский

Новости колледжа

15.11.2016 11:43:12 « Тәуелсіздік туын ұстар жоғары, бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі»

23.10.2016ж Жамбыл медициналық колледжінің Б корпусында «Жас алаш» пікірсайыс клубы мен колледждің белсенді студенттері және «Жас Алаш» пікірсайыс клубының жетекшісі Айдабосынова Ж.Н. және Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Уркимбаева Д.Б. және жастар ұйымдарының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай « Тәуелсіздік туын ұстар жоғары, бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі» тақырыбында  III дәстүрлі «Жамбыл медициналық колледжі директорының кубогі» өтті. Пікірсайысқа шақырылған  11 оқу орнынан студенттер қатысты. Пікірсайыс қонақтары Тараз қалалық маслихатының депутаты С.Берікқожа, «Сана» оқыту орталығының директоры Б.Қосалиев ЖМК ұжымына алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді. 

15.11.2016 11:42:10 Қазақстанның Тәуелсіздігі- “Мәңгілік елдің” ұлы тарихы

20.10.2016 ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстанның Тәуелсіздігі  - «Мәңгілік елдің»  ұлы тарихы» тақырыбында 1, 2  курс студенттері арасында колледжішілік «Шабыт» байқауы өткізілді. Байқаудың «Мәнерлеп оқу», «Вокал», «Хореография», «Ұлттық аспапта ойнау» номинациялары  бойынша  студенттер жүлделі орындарға  ие  болып, алғыс хаттармен марапатталды.

15.11.2016 11:39:55 «Атасы асыл сөздің - ақын Абай» атты X облыстық Абай оқулары байқауы

21.10.2016ж. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде «Атасы асыл сөздің - ақын Абай» тақырыбында өткізілген байқауына 109 топ студенті Шымырбек Н.қатысып ІІ орынды  иеленіп, дипломмен және жетекшісі Мәдімарова А.Т. алғыс хатпен марапатталды. Д.М.Жүнісованың жетекшілігімен қалалық мәдениет үйінде “Тіл парасат” байқауына 323 топ студенті Колупева О.«Мақсұтым-тіл ұстартып, өнер шашпақ» тақырыбында өткен  Абай оқулары байқауына Б.Л.Абденкулованың   жетекшілігімен 223 топ студенті Керимова А. қатысты.Аталған студенттер алғыс хаттармен марапатталды.

15.11.2016 11:36:45 "По страницам Бахчисарайского фонтана. Пушкинский сюжет в искусстве"

19.10.2016 ж. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі А.С.Пушкиннің шығармашылығына арналған "По страницам Бахчисарайского фонтана. Пушкинский сюжет в искусстве" тақырыбында әдеби-әуенді кеш өткізді. Аталған кештің мәнерлеп оқу номинациясы бойынша "Медбикелік  іс" бөлімінің 208 топ студенті Әбдімүтәліп М.Қ. жүлделі II орынды иеленіп, алғыс хатпен марапатталды.

15.11.2016 11:32:49 «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!»

31.10.2016 ж. Кітапхана қызметкері А.А.Сапарбаева және Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Б.Уркимбаева, кітапхана ұжымы ұйымдастыруымен, белсенді студенттердің қатысуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» атты оқырмандар конференциясы өткізілді.

<<     <     7     8     9     10     11     12     13     14     15     16     >     >>