қазақ     русский

Новости колледжа

11.10.2016 12:25:22 "Қазақстан - Ұлы Дала Елі"

28.09.2016 ж.  "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 4-ші "Бірегейлік пен бірлік" бағытын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі "Қазақстан - Ұлы Дала Елі" сандық технологиялар саласындағы жаңа бірегей өнімді сандық қосымшаны әзірлеп ұсынады.

Бұл жоба 87-ші "қадамда" көзделген әрбір азаматқа және шетелдік туристке ел туралы көбірек білуге көмектесу мақсатында "Қазақстан энциклопедиясы" кең көлемді интернет жобасын құру жөніндегі елбасының тікелей тапсырмасының орындалуының нәтижесі.

Осыған орай "Қазақстан - Ұлы Дала Елі" сандық қосымшаны таныстыру мақсатында үстіміздегі жылдың 28 қыркүйегі  сағат 11.00-де Жамбыл медициналық колледжінің Б корпусынын мәжіліс залында 3 курс білімгерлерімен  кездесу өткізілді. Келген конақтар: Шәмші Әлібек  Облыстық Жастар ресурстық орталығының маманы, Беделбай Ерасыл Облыстық Жастар ресурстық орталығының маманы.

11.10.2016 12:23:41 «Қазақстан студенттерінің Альянсы»

09.09.2016 ж. «Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық студенттік қозғалысының лидері А.Ж.Мұратбаев Тараз қаласындағы орта арнаулы оқу орындарының базасында бөлімшелерін ашу мақсатында Жамбыл медициналық колледжінде кездесу  ұйымдастырылып, ұйымның мақсаты, міндеттері түсіндірілді. Колледжде ұйымның көшбасшысы болып 201 топ студенті Е.Қыпшақбаев сайланып, штаб құрылды.

11.10.2016 12:18:27 "Язык - живая душа народа"

23.09.2016 ж. қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру бағытында№1 Жалпы білім беру және жалпы гуманитарлық пәндері ЦӘК төрайымы К.Ж.Байбосынованың ұйымдастыруымен  және  I-II курс студенттерінің  қатысуымен Тілдер күні мерекесіне арналған "Язык - живая душа народа" тақырыбында әдеби-сазды кеш  өтті.

11.10.2016 12:14:44 "Шын жүректен - первая помощь"

«Шын жүректен-первая помощъ» телемарафоны13-17 қыркүйек аралығында Жамбыл медициналық колледжі клиникалық пәндерінің оқытушылары және студенттердің қатысуымен алғашқы медициналық көмек көрсету аясында «Шын жүректен-первая помощъ» телемарафоны өтті.Азаматтарды алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйрету акциясы қаланыңорталық базарында, автобекетте, Т.Рысқұлов атындағы орталық саябақта және№13 Темір жол колледжінде жүргізілді.Оқытушылар жоғарыда аталған мекеме басшыларының  алғыс хатымен марапатталды.

11.10.2016 12:13:30 "Мейірбике білімін жаңғырту"тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

23.09.2016 ж.   Орал қаласында Батыс Қазақстан  Жоғарғы мединциналық  колледжінде   Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  және Әлеуметтік министрілігінің ғылым және  адами  ресурстар  департаменті  Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігінің 25-жылдығына  және  колледждің  100-жылдығы   мерейтойына арналған  Қазақстан Республикасының  "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру  аясында  "Мейірбике білімін жаңғырту"  тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық   конференция өтті. Осы конференцияға колледж деректоры  Сарыбекова Жамиля Нургалиевна және "Мейірбике ісі", "Фармация" бөлімінің  меңгерушісі  Мырзагулова Жанат  Бекмұхановна қатысты.

<<     <     10     11     12     13     14     15     16     17     18     >     >>