қазақ     русский

Новости колледжа

15.12.2016 18:05:41 «Қамқоршылар – мейірімді жандар»

18.11.2016 ж. «Қамқоршылар – мейірімді жандар» тақырыбында колледжіміздің әлеуметтік педагогы  А.А.Буксукбаева  жетім балалардың қамқоршыларымен кездесу жасады. Осы кездесуге Тараз қаласының білім басқармасының қамқоршы бөлімінің маманы  Серкебаева Р.Р. шақырылды.

15.12.2016 18:03:44 “Отбасындағы зорлық – зомбылықтың алдын – алу”

Құқық  бұзушылықтың  алдын – алу  жұмысының  меңгерушісі  Р.Б.Усеновпен  өткізілген  дөңгелек  үстел тақырыбы: "Отбасындағы  зорлық – зомбылықтың  алдын – алу". Қонаққа Тараз ҚІІБ инспектор полиция майоры Е.М. Пискарева келіп, сөз сөйлеп, студенттерге түрлі жағдайларды түсіндірді және студенттер осы тақырып бойынша түрлі сұрақтар қойды.

15.12.2016 18:02:30 Психологиялық апталық

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты психологиялық апталық. Апталық «Жүректен  шыққан  жылы  сөз   жүрекке  жетеді»  акциясымен басталды. «Жүректен  шыққан  жылы  сөз   жүрекке  жетеді»  акциясына барлық колледж студенттері мен оқытушылары ат салысты, студенттер колледж оқытушыларына, колледжге, топ жетекшілеріне, жалпы ұжымға тілек білдірсе, оқытушылар студенттерге табыстар тіледі. Сағат  10.00-де колледж алаңында белсенді студенттер және 1 курс топтары флеш – моб билеп жақсы көңіл-күй сыйлады.

 

 

15.12.2016 17:58:15 Құттықтаймыз!

“Шығармашыл ұстаз” атты қашықтықтан өткізілетін III - Республикалық педагогтардың сыныптан тыс іс-шаралары сайысында колледж  психологы А.Н. Өскенбаева қатысып, жүлделі  I орынға ие болып, дипломмен марапатталды.

 

 

 

Астана қаласында өткен жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған қашықтықтан өткізілген «Менің педагогикалық ұстанымым» байқауына химия пәнінің оқытушылары Р.А.Асилбекова, Н.Е.Жампейсова, М.С. Молдабаева қатысып, «Үздік ашық сабақ» номинациясының бас жүлдесіне ие болды.

 

 

Республикалық  «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығында  өткен   «Үздік ашық сабақ» атты республикалық  оқытушылар сайысына колледж әдіскері Л.К.Батаева қатысып,  ІI орынды иеленді. 

 

 

“Шығармашыл ұстаз” атты қашықтықтан өткізілетін III - Республикалық педагогтардың сыныптан тыс іс-шаралары сайысында директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары Қ.Т. Андақұлова және фармакалогия пәнінің оқытушысы Ұ.М.Ахметова  жүлделі  I орынға ие болып, дипломмен  марапатталды.

 

 

Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж.С. Алибаева жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған қашықтықтан өткізілген «Менің педагогикалық ұстанымым» байқауына қатысқанын растау туралы сертификатқа  ие болды.

 

“Шығармашыл ұстаз” атты қашықтықтан өткізілетін III - Республикалық педагогтардың сыныптан тыс іс-шаралары сайысында колледждің бас психологы Ж.Л.Шужеева қатысып, жүлделі  I орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған колледж студенттері арасында өткізілген “Жас Ұлан”  әскери-патриоттық ойында жүлделі III орынды  колледждің студенттері иеленіп, дипломмен марапатталды. Колледждің бастапқы әскери даярлық пәнінің оқытушысы Ж.Б. Бегалиев алғыс хатпен марапатталды.

 

 

 

«ZIAT»  Ғылыми – әдістемелік  орталығының ұйымдастыруымен өткен VII  Республикалық  «Ғылым  шарайнасы»  атты  студенттердің   ғылыми  жұмыстар  сайысында  «Үздік  мақала» номинациясы  бойынша  ІІ орынға  ие  болған А.Таумбекова    және  жетекшісі А.Н. Өскенбаева дипломмен марапатталды.

 

 

 

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жаңа Ру»  жастар коалициясының ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында облыстық сурет байқауы өткізілді. Байқауға Жамбыл медициналық колледжінің «Медбикелік іс» бөлімі, 210 топ студенті Сейдуалиева Айгерім қатысып, жүлделі II орынға ие болып, дипломмен марапатталды.

 

 

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай  IV облыстық “Студенттік бал-2016" атты мерекелік шарасында “Үздік көшбасшы-2016"номинациясын “Емдеу ісі” бөлімінің  201 топ студенті Е.Қыпшақбаев иеленіп, дипломмен марапатталды.

 

 

 

“Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл” тақырыбында мемлекеттік тілде жалпықазақстандық шығарма жазу байқауында колледж студенті А.Қалтай жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі III орынға ие болып, дипломмен марапатталды.

 

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен “Жастар LIFE” думанды додада ең үздік өнер көрсеткедері үшін колледж студенттері Назерке және Ақерке Қолдағановалар “Таңғажайып қойылым” номинациясы  дипломымен  марапатталды.

 

VII Республикалық “Ғылым шарайнасы” атты студенттердің ғылыми жұмыстар сайысында “Жас зияткер” номинациясы бойынша колледж студенті Ш.Ибрагимова  II орынға ие болды. Жетекшілері  К.Т. Андакулова, У.М.Ахметова дипломдармен марапатталды.

 

15.12.2016 17:47:14 Ашық сабақтар мен ашық тәрбие сағаты

16.11.2016 ж.«Медбикелік іс» бөлімінің 204 топ студенттерімен    психология пәнінен «Ойлау және сөйлеу. Зерде» тақырыбында А.Н. Оскенбаева ашық сабақ өткізді.Сабақ  ойлау түрлері мен нысандары, сөз сөйлеу ерекшеліктері, сөйлеу қызметтері, зерде түсінігі, жалпы зерделік қабілеттер туралы студенттерге толық мәліметтер беру, түсіндіру мақсатымен өтті Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде өткізілді.

 

 

25.11.2016 ж . ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған " Тәуелсіз ел - Ұлы Дала Елі " атты ашық тәрбие сағатын тарих пәнінің оқытушысы Сыздықова Ғ.А. 306 топ “Емдеу ісі” бөлімінің студенттерімен өткізді. Мақсаты: Тәуелсіздіктің 25 жылдығын, мәңгілік ел, ұлы дала елі тарихын насихаттап студенттердің бойына сіңіру, ұлттық патриоттық сезімдерін ояту. Тәрбие сағаты  жоғары деңгейде өтіп,  мақсатына жетті.

 

 

18.11.2016 ж.  Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  байланысты "XV - XVI ғғ. Қазақ хандығы" тақырыбында тарих пәнінің оқытушысы Рахметлдаева А.Т 207 топ  "Мейірбике ісі " бөлімінің студенттерімен ашық семинар - сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының құрылуы, қазақтың алғашқы хандары, қазақ  хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы, шаруашылығы туралы алған білімдерін  жүйелеу, нақтылау, қорытындылау. Сабақ өз мақсатына жетті.

 

Психология  негіздері  және  коммуникативтік  дағдылар пәнінен «Медбикелік іс» бөлімінің  310 топ студенттерімен психология негіздері пәнінің оқытушысы Ж.С.Қалдыбекова    «Психосоматикалық жағдайлар. Психосоматикалық жағдай механизмдері»  тақырыбында ашық сабақ өткізді. Студенттерге психосоматикалық және соматопсихикалық өзара әсерлер туралы, психсоматикалық бұзылыстар жіктемесі туралы, психогения мен соматогениялар туралы түсінік беру, соматикалық және хирургиялық аурулар кезіндегі психологиялық қорғаныс бойынша негізгі жағдайлар туралы  толық мәліметтер  берілді.  Ашық сабақ өз мақсатына жетті.

<<     <     3     4     5     6     7     8     9     10     11     12     >     >>