қазақ     русский

Новости колледжа

07.02.2017 11:21:09 Денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық кеңесі

 12.01.2017 ж.    Жамбыл медициналық колледжінде денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық кеңесі өтті.

Қатысқандар:

  1. Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары  М.С.Жуманкулов 

 

 

2. Жамбыл медициналық колледжінің директоры   Ж.Н. Сарыбекова. 

  3. Оқытушылар мен қызметкерлер.

Күн тәртібінде: 

 1) Денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық кеңесі. 

 2) Жамбыл медициналық колледжінің директоры  Ж.Н. Сарыбекованың 2016  жыл бойынша атқарылған іс-шаралар есебі.

 3)  Әр түрлі мәселелер.

07.02.2017 11:12:32 Халықаралық конференция

21.12.2016 ж. Жамбыл медициналық колледжінің «Б» корпусында  Қазақстан Респубикасының денсаулық сапасын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік  бағдарламасын іске асыру аясында, сонымен қатар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсендіру мақсатында on-line тәртібінде “Тұрғындар-денсаулығын нығайту-мемлекеттің тұрақты әлеуметтік- экономикалық даму факторы” халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда ТМД  елдерінің медициналық колледждері қатысты. Атап өтетін болсақ Ресей федерациясынан (Омск қаласы), Қырғызстан Республикасынан  (Бішкек қаласы), Азербайджаннан (Баку қаласы), сонымен қатар Қазақстан Республикасынан 10 медициналық колледж.

06.02.2017 18:24:48 Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы Қазақстан халқына жолдауы

6.02.2017 ж.   Жамбыл медициналық колледжінің базасында  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  "Қазақстан Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге  қабілеттілік" арнайы үндеуін талқылау бойынша өткізілетін ашық партия жиналысы өткізілді.  Жиналысқа: Қалалық маслихат депутаты, Абай атындағы  Жамбыл  гуманитарлық  колледжінің  директоры - Биназаров Айдархан  Дүкенбайұлы қатысып,  жолдаудың  негізгі басымдылықтарына  тоқталды.  

  

23.01.2017 12:51:02 Құттықтаймыз!

Білім саласындағы үздік жетістігі,  сонымен қатар Қазақстан Республикасының дамуына қосқан салмақты үлесі үшін Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл медициналық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Ұлттық бизнес рейтингі бойынша 2015 жылдың білім саласындағы көшбасшысы Ұлттық Сертификатын иеленді.

 

 

Жоғары кәсіби және әдістемелік   деңгейі, студенттермен өзара қатынастың тиімділігі үшін, белсенді өмірлік  ұстанымды азаматтарды  тәрбиелеудегі үлесі үшін Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының  «Жамбыл медициналық колледжі»коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының  әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Б.Иманбекова, циклдық әдістемелік комиссия төрайымы Б.А.Сағындықова,  қазақ тілі пәнінің оқытушысы Д.М.Жүнісова  Ұлттық бизнес рейтингі  бойынша 2015 жылдың маманы Ұлттық Сертификатына ие болды.

 

 

 Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл медициналық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Жамиля Нұрғалиқызы Сарыбекова «Білімнің дамуына қосқан үлесі»  медальімен және Ұлттық бизнес рейтингі бойынша «Жыл  маманы» орденімен  марапатталды.

 

 

 

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл медициналық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т.Қуанышбекова Ұлттық бизнес рейтингі бойынша «Айрықша жетістіктері» медалімен  марапатталды.

 

 

 

Ел  Тәуелсіздігінің  25  жылдық  мерейтойына  орай  ұйымдастырылған  «Мәңгілік  Елдің мәртебелі  мұғалімі»  жобасына  сапалы  білім, саналы  тәрбие  берудегі  озық  іс – тәжірибесін  ұсынып,  ұстаздық  шеберлігін, біліктілігін  жоғары  дәрежеде  танытқаны  үшін Жамбыл медициналық колледжінің 25 оқытушысы «Мәңгілік  Елдің мәртебелі  мұғалімі» медалімен  марапатталды.

 

 

1. Сарыбекова Ж.Н.- директор

2. Қуанышбекова Л.Т.- дир. орынб.

3. Андакулова Қ.Т.- дир. орынб.

4. Иманбекова Ж.Б.- әдістемелік кабинет меңг.

5. Усенов Р.Б. - тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі

6. Мырзагулова Ж.Б.- бөлім меңгерушісі

7. Шужеева Ж.Л.- оқу бөлімі меңгерушісі

8. Қалымбетова Ж.Б. - бөлім меңг.

9. Батаева Л.К.- методист

10. Тұрмысова Ф.Д.- меңгеруші

11. Ескебекова З.С. - методист

12. Исмаилова А.Е.- меңгеруші

13. Мадимарова Ә.Т. -ЦӘК төр.

14. Тұрсынбаева Р.К. - ЦӘК төр.

15. Ахметова Ұ.М.- ЦӘК төр.

16. Жантохова Г.Н. - ЦӘК төр.

17. Айдралиева А.Б. -  ЦӘК төр.

18. Сарыбаева Г.К.- оқытушы

19. Мураталиева Н.М. - оқытушы

20. Надиров А.М. - оқытушы

21. Ибраев Ж.Ш. - оқытушы

22. Махамбетова Н.Т. - оқытушы

23. Джунисова Д. -оқытушы

24. Сыздыкова Г. - оқытушы

25.  Тоқсанбаева Д.- оқытушы

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай азаматтардың денсаулығын сақтау және әлеуметтік даму ісіне қосқан жеке үлесі мен көп жылғы жемісті еңбегі үшін директордың біліктілікті арттыру жұмысы бойынша  орынбасары М.И.Тлеубаева Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Құрмет  грамотасымен марапатталды.

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстың денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы атқарған ерен еңбегі және ұжымның қоғамдық өміріне белсенді атсалысқаны үшін   бөлім меңгерушісі А.М.Мадибраимова Құрмет грамотасымен марапатталды.

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстың денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы атқарған ерен еңбегі және ұжымның қоғамдық өміріне белсенді атсалысқаны үшін  оқытушы О.А.Махамбетова Құрмет грамотасымен марапатталды.

 

Оқытушы Ә.Қ.Дәнебаеваның  жетекшілігімен  «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы: бүгіні мен жарқын болашағы » атты облыстық  ғылыми – теориялық конференцияда жасаған мазмұнды баяндамасы  үшін «Емдеу ісі» бөлімі 222 топ студенті Ә.Тұрысбек      I дәрежелі  дипломмен марапатталды.

 

   Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу -әдістемелік кабинеті  ұйымдастырған  «Тәуелсіздік -аңсаған арман, қол жеткен мұрат!» тақырыбындағы  облыстық дөңгелек үстелге белсене қатысқаны үшін  Қырықбаева Балжан Әшібекқызына сертификат берілсе, Үсенов Рахат Бәкенұлы алғыс хатпен марапатталды.

 

А.А.Құдайбергенова жетекшілігімен  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - басты тұғырымыз» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысқаны үшін «Медбикелік іс» бөлімі 204 топ студенті  Н.Қ.Елубай марапатталды.

 

«ZIAT»  Ғылыми – әдістемелік  орталығының ұйымдастыруымен өткен VII  Республикалық  «Ғылым  шарайнасы»  атты     ғылыми  жұмыстар  сайысында   студенті жоғары  жетістікке  қол  жеткізіп, жүлдегер атанғаны үшін   А.Н. Өскенбаева дипломмен марапатталды.

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  Қазақстан  халқының өмірі мен денсаулығын сақтауға сіңірген абыройлы еңбегі үшін директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары К.Т.Андакулова,  директордың біліктілікті арттыру жұмысы бойынша  орынбасары М.И.Тлеубаева, бөлім меңгерушісі Б.С.Мадимарова  "Алтын дәрігер" медалімен марапатталды.

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға қосқан қомақты үлесі үшін оқытушы Л.К.Мейрманова Құрмет грамотасымен марапатталды.

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  Қазақстан  халқының өмірі мен денсаулығын сақтауға сіңірген абыройлы еңбегі үшін  оқытушы О.А.Махамбетова "Мейірім" медалімен марапатталды.

 

Колледж психологы Ә.Н.Өскенбаеваның  жетекшілігімен  «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы: бүгіні мен жарқын болашағы » атты облыстық  ғылыми – теориялық конференцияда жасаған мазмұнды баяндамасы үшін «Мейіргер ісі» бөлімі 108 топ студенті О.Теміралиев II дәрежелі  дипломмен марапатталды.

 

Оқытушы Ә.Т.Мәдімарованың жетекшілігімен 105 топ студенті Ш. Зыхия ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай Тараз Парасат колледжінде «Тіл мерейі - ел мерейі» атты қалалық колледж студенттері арасында өткен жас ақындар мүшәйрасында III орын иеленді.

 

«Тәуелсіздік – аңсаған арман, қол жеткен мұрат» тақырыбында облыстық дөңгелек үстелдің  нәтижелі өтуіне қосқан үлесі үшін колледждің тәрбие, құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмысының меңгерушісі Р.Б.Үсенов алғыс хатпен марапатталды.

 

Республикалық  «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығында  өткен   «Үздік ашық сабақ» атты республикалық  оқытушылар сайысына колледж әдіскері Ш.Т. Маманова  қатысып,  ІII орынды иеленіп, дипломмен  марапатталды. 

 

23.01.2017 12:20:31 Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шаралар

09.12.2016 ж. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн ішінде облыста өткен «Білімді Қазақстан» тақырыбында мұғалімдердің өңірлік форумына колледж директоры  Ж.Н.Сарыбекова, әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Б.Иманбекова,құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмысының меңгерушісі Р.Б.Үсенов және оқытушылар Д.Т.Тлеуғабылова, А.Т.Көбегенова қатысты.

 

 

 

09.12.2016 ж. Тараз – Арена спорт кешенінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Болашағымыз-бірлікте!» атты облыстық форум өтті. Форумға директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т.Қуанышбекова қатысты.

 

 

 

03.12.2016 ж. «Қазақстандық  денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы «Көңілді старт -2016» спорттық жарысын бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрайымдары арасында ұйымдастырып, Жамбыл медициналық колледжінен студенттер кәсіподақ төрайымы Б.А. Қырықбаева қатысып, ІІ-ші орынмен марапатталды.

 

 

 

14.12.2016 ж.  Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналысында Жамбыл медициналық колледж студенттері өз өнерлерін көрсетіп көрермендер алғысына ие болды.

 

 

 

15.12.2016 ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай колледж оқытушылары Ұлы Отан соғысының ардагері Колесниченко Галина Петровнаны құттықтап, азық -түлік апарды.

 

 

 

10.12.2016 ж. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстан студенттерінің Альянсы» РСҚ-ның ұйымдастыруымен «Mister and Miss» облыстық байқауына қатысып II орынды Жамбыл медициналық колледжінің студенттері  О.Аяжан 316 топ, Қ.Ермек 201 топ иеленсе, «Жарасымды жұп» номинациясы бойынша Ф.Сүнәтіллә 104 топ, О.Теміралиев 108 топ студенттері алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі: жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Б.Уркимбаева

 

 

09.12.2016 ж.  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Болашағымыз – бірлікте!» атты облыстық форумына Жамбыл медициналық колледжінің студенттері белсене қатысты.

<<     <     1     2     3     4     5     6     7     8     9     10     >     >>