қазақ     русский

Новости колледжа

23.01.2017 12:10:37 Ашық сабақтар және ашық тәрбие сағаттары

06.12.2016 ж. Ағылшын тілі пәні оқытушысы Ж.С. Алибаева «Медбикелік іс» бөлімі, 204 топта кәсіби ағылшын тілі пәні бойынша «Diet and fatness.Interrogative sentences» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Сабақтың  мақсаты: ұтымды тамақтану және семіздік  тақырыбына байланысты білім және біліктілік дағдыларын қалыптастыру, жаңа сөздермен таныстырып, сөздік қорларын толықтыру, ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру,  студенттердің оқу сапасы мен пәнге деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар әр жеткіншектің іскерлігін, ізденімпаздығын байқау, есте сақтау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік беру. Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, жақсы деңгейде өтті.

 

09.12.2016ж. Б.А.Қырықбаева   «Мейіргер ісі» 105 топта  ағылшын  тілі пәнінен «Art of Kazakhstan. Degrees of comparison of Adjectives» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты:Қазақстандағы өнер, соның ішінде музей туралы мәлімет беріп, сын есім шырайларының жасалуын түсіндіріп, білімдерін жетілдіру. Жаңа сөздерді дұрыс жазуға, айтуға үйретіп, сөздік қорын толықтыру. Алған білімдерін пайдаланып, ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру.    Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, жақсы деңгейде өтті.

 

09.12.2016 ж. «Мейірбике ісі» бөлімі 206 топта «Имя пирлагательное. Питание при воспалении поджелудочной железы» тақырыбында орыс тілі пәнінің оқытушысы Л.К.Мейрманова  ашық сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты: студенттердің сын есім туралы  білімдерін жүйелеу, нақтылау, қорытындылау. Студенттердің іскерлігін, іздемпаздығын байқау, лексикалық мәтін арқылы олардың сөздік қорын кеңейту. Ашық сабақ өз  мақсатына жетіп, жақсы деңгейде өтті.

 

 

14.12.2016 ж. «Мейірбике ісі» бөлімі 208 топта «Местоимение. Первая помощь пострадавшему» тақырыбында орыс тілі пәнінің оқытушысы А.О. Бейсенбаева ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: студенттерге есімдіктің түрлерін ажырата білуге, салыстырмалы түрде жүйелеп қорытындылау. Орыс тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Өз бетінше жұмыс жасауға үйрету. Студенттерді өзін-өзі құрметтеуге тәрбиелеу, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ашық сабақ өз  мақсатына жетті.

 

13.12.2016 ж.  “Медбикелік іс” бөлімі 204 топпен “Тәуелсіз елім, тұғырың сенің биікте” тақырыбында топ кураторы А.С.Қудайбергенова бөлімішілік ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері арқылы студенттерді ұлтжандылыққа, атамекенін көзінің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Ашық тәрбие сағаты өз мақсатына жетіп, жақсы деңгейде өтті.

 

 

15.12.2016 ж. «Мейіргер ісі» бөлімі 102 топ студенттерімен Д.А. Рысқұлбекова  «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында ЦӘКішілік ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Қазақстан Республикасының 25 жылдық тарихына шолу жасай отырып,  студенттердің өткен тарихымызға деген  ұлттық көзқарастарын  қалыптастыру, еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен    жетістіктерімен таныстыру,  қазақ халқының ерлігін, даналығын паш ету. Ашық тәрбие сағаты өз мақсатына жетіп, жақсы деңгейде өтті.

 

 

14.12.2016 ж. Тарих пәнінің оқытушысы Ш.Е.Ашимова “Емдеу ісі” бөлімінің 2 курс студенттері  арасында “Знатоки истории родного края” тақырыбында байқау өткізді. Мақсаты: студенттердің Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктерін мақтаныш ету сезімдерін және Отанға деген  патриоттық рухтарын ояту. Еліміздің өткені мен бүгінгі тарихы туралы білімдерін жетілдіру. Байқау жақсы деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті.

23.01.2017 11:37:24 "Гордое имя твоё - фармацевт!"

09.12.2016 ж.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің  25 жылдығы аясында  "Гордое имя твоё - фармацевт!" тақырыбында фармация саласының провизор-ардагерлері және қоғамдық тұлғаларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді Жамбыл облысының ардагер-әйелдер кеңесінің төрайымы К.О.Аккулиева ұйымдастырды. Кураторлық тәрбие сағат бөлім меңгерушісі Ж.Б.Мырзагулованың жетекшілігімен "Фармация" мамандығының 230 топ кураторы Р.Т.Нурбаева және 231 топ кураторы С.Ш.Куппанова өткізді.  Мақсаты: студенттердің таңдалған мамандыққа деген махаббатын және сый құрметін ояту, патриоттық сезімді және ұлтаралық келісімді нығайту  Еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістігін паш ете отырып, ұрпақтардың сабақтастығы тәрбиесін қалыптастыру. Жамбыл медициналық колледжінің директоры Сарыбекова Ж.Н. құттықтау сөз сөйледі. "Фармация"  бөлімінің ІІ, ІІІ және ІV курс студенттері фармацияның даму тарихы, фармацевтикалық нарықтың ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылындағы жетістіктері жөнінде білімдерін дамытты. Шақырылған қонақтар: К.А.Ахметова, Т.А.Аширбаева, А.С.Алишеров, М.У.Саурыков, Ж.А.Саурыкова, Ж.Сергеева, Т.П.Дорн және Л.В.Пак Жамбыл медициналық колледжі негізінде орта фармацевтикалық білімді мамандар дайындау жұмысымен танысты. Кездесу жоғары деңгейде өтіп, тәрбиелік мақсатына жетті.

23.01.2017 10:36:52 Біліктілікті жетілдіру және қайта даярлау,симуляциялық оқыту орталығында өткізілген іс-шаралар

21.11.2016.-05.12.2016 ж. Ақылы негізде, «Мейірбике ісі» мамандығы  бойынша «Иммундық алдын алудағы мейірбике ісі», «Дәрі егу кабинетіндегі мейірбике қызметінің өзекті аспектілері» атты циклдар өткізді.

 

 

 

28.11.2016.-12.12.2016 ж. Бюджет негізде «Мейірбике ісі» мамандығы  бойынша «Әлеуметтік көмек көрсетудегі мейірбике жұмысы», «Госпитальға дейінгі кезеңдегі дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек» атты циклдар өткізді.

26.12.2016 15:16:37 Әдістемелік мектеп. Жас оқытушылар мектебінің отырысы.

23.11.2016 ж.   Жас мамандарға арналған семинар: Жас мамандарды  психологиялық қолдау.

Күн тәртібінде:                                                                                                                                              

1. Шебер класс: «Жеке тұлға  және кәсіби маман.» Оқытушының     шеберлігін    қалыптас-тыруға  арналған  тренингтер  жүргізу. .Жауапты: психолог Өскенбаева А. Н                                       

2.Тест – диагностика құралы. Жас маманға айтылар кеңес.Жауапты: әдіскер Батаева Л.К.                                                                                

3.Топтағы  жетекшілік. Топтағы  тәрбие  жоспарының  жүйелі-рөльдік  моделі  (топ кураторының  жұмысының диагностикасы, мақсаттарының  жобалануы, ұжым бірлігі мен дамыту  жолындағы  іс-әрекеті, студенттің  тәртіптілігін  бағалау шарттары.) Жас  маманға тәрбие жұмысы бойынша  бағыт бағдар беру.                                                                                                                                                                  .                                           Жауапты : кураторлар кеңесінің төрайымы: Джампеисова Н.Е.  

 4.«Сабақта тәртіпке қалай қол жеткізуге болады?»  тақырыбында пікірлесу                                                                                                                                                       

5.«Менің сүйікті ұстазым» тәлімгердің іс-тәжірибесінен. Жауапты: Молдабаева М.С. Семинарда колледж психологы А.Н.Өскенбаева түрлі тренингтер өткізді.Әдіскерлер  жас мамандардың сабақтарында  кездесетін кемшіліктерге тоқталып, кеңестер берді. Кураторлар  кеңесінің төрайымы Н.Е.Джампеисова топтағы  жетекшілік, топ  құжаттары туралы айтты.Өзінің жетекшілік ететін тобының құжаттарын көрсетіп, іс-тәжірибесімен алмасты. Химия пәнінің оқытушысы, тәлімгер М.С.Молдабаева «Педагог – шығармашы-лық пен өзін –өзі дамытушы тұлға» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен алмасты.

Панорамалық сабақ көрсетті және өзі қолданып жүрген тиімді әдіс-тәсілдерге тоқталды.

26.12.2016 14:47:00 Құттықтаймыз!

ҚР Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша колледж директоры Ж.Н.Сарыбекованы  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапаттады. Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Т.Ш.Әбілдаев медальді облыстық балалар ауруханасында салтанатты түрде тапсырды.

 

 

ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай азаматтардың денсаулығын сақтау және әлеуметтік даму ісіне қосқан жеке үлесі мен көп жылғы жемісті еңбегі үшін М.И.Тлеубаева Құрмет грамотасымен марапатталды.  Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Т.Ш.Әбілдаев Құрмет грамотасын облыстық балалар ауруханасында салтанатты түрде тапсырды.

<<     <     1     2     3     4     5     6     7     8     9     10     >     >>