24.10 - 05.11 аралағында ақылы негізде, орыс тілде «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Функционалдық диагностика бойынша мейірбике жұмысы», «Емдік массаж», «Анестезиологияның және қарқынды терапияның өзекті мәселелері» атты циклдар өткізді.
29.10.2016жылы «Жүректің кенет тоқтауындағы жүрек-өкпе реанимациясы », «Аурухана ішілік инфекция» - тақырыптары бойынша колледж оқытушылары үшін семинар – тренинг өткізді. Семинарда қалалық балалар ауруханасының жоғары санатты дәрігер- реаниматологы И.Э. Юлдашева дәріс оқыды, манекендерде тәжірибелік дағдыларды көрсетті.
7.11.2016.-19.11.2016 жылы бюджет негізде «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеудегі мейірбике рөлі» , «Жалпы тәжірибе дәрігері мейірбикесінің жұмысы» атты циклдар өткізді.
Салауатты өмір салтының негізгі қағидаларының бірі - жеке бас гигиенасын сақтау болып табылады. Жастар арасында қолды таза ұстаудың маңызын насихаттау мақсатымен Жамбыл медициналық колледжінің Б корпусында оқытушылар мен 3-4 курс студенттер арасында “Қолды таза ұстау-өңдеу” айлық іс-шара өткізілді.
|