қазақ     русский

Новости колледжа

15.11.2016 10:59:26 Құттықтаймыз!

19.10.2016 ж.  "Техникалық  және  кәсіптік білім беру  мекемелерін  аккредитациядан  өткізу  тәртібі " атты семинарына  колледж  директоры  Ж.Н. Сарыбекова қатысып  "Білім беру сапасын қамтамасыздандыру   тәуелсіз  Қазақстандық агенттігі " " Қазақстанның  ең үздік  медициналық колледждерінің  ұлттық рейтінгі  - 2016"  сараптауы бойынша  Жамбыл медициналық колледжі  VII  орынды ұтып алып, сертификатқа  ие  болды.

15.11.2016 10:57:31 Тәуелсіз елім- ұлы өлкем,сүйікті қалам!

14.10.2016 ж. Орталық стадионда «Тәуелсіз –елім, ұлы өлкем, сүйікті қалам» атты  мерекелік шара ұйымдастырылды.Ол «Көне Тараз-тарихымның тереңі», «Менің сүйікті қалам»,  «Ән-жырым саған, Туған ел!», «Гүлдене бер, туған жерім Қазақстан!» атты 4 композициядан тұрды.  Жамбыл  медициналық  колледжінің 450 студенттері  көрермен болып, ал 50 студенті  «Көне Тараз-тарихымның тереңі»   композициясында  Талас өзенінің  бейнесін сомдады.

22.09.2017 16:55:45 Ақпараттық хат

      Жамбыл медициналық  колледжі техникалық және кәсіптік білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастырып өткізу және жас ғалымдардың (колледждердің студенттері)  ғылыми-зерттеу жұмысын жандандыру мақсатында,  денсаулық сақтау  саласын  дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру аясында  Қазақстан Республикасы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері  медициналық колледждерінің студенттерін   21 желтоқсан 2016 жылы   сағат 1000 (Астана уақыты бойынша) on-line тәртібінде өткізілетін  «Тұрғындардың денсаулығын нығайту - мемлекеттің  тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму факторы»  Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.

             Конференцияның негізгі бағыттары:

1. Салауатты  өмір  салтын қалыптастыру  және  жүргізуде  тұрғындардың   сауаттылық           деңгейін көтеру.

2.   Қатер   факторларының таралуын төмендетуде  жаңа  мінез-құлық ұстанымдарын қалыптастыру.

3. Дәрілік  заттарды  тиімді  қолдануды  қамтамасыз  ету - дәлелді  медицинаның  негізі.

4. Аурулардың алдын алу және оны басқарудың интеграциясы.   

5.  Медициналық  колледж  студенттерінің  кәсіби  бейімделуіне  жобалық әдістемелік   тәсілдерді  қолдану. 

6. Ақпараттық- коммуникациялық  технологиялардың  көмегімен  медициналық  колледж  студенттерінің  білім  алуға  деген  ынталарын  қалыптастыру.

7. Негізгі  әлеуметтік   маңызды  жұқпалы  емес  аурулардың  алдын  алу  және  бақылау (мониторинг)  іс-шараларын  жандандыру.

8. Дұрыс теңгерілген тамақтану,  дене  шынықтыру  және  спортпен  жүйелі  шұғылдану негізінде  жеке адам   денсаулығын  нығайту.

9. Тұрғындардың  науқастық   жағдайына ықпал  ететін  және бақылау (мониторинг)  деректерін  ескере  отырып, тұрақты қолжетімді ауыз – сумен және  ауаның, судың,  топырақтың  ластануын  азайту,  шу деңгейін төмендетуді қамтамасыз  ету.

 

Конференция on-line тәртібінде  өтеді.

Өткізілетін тілдер: қазақ, орыс, ағылшын.

Баяндаманың ұзақтығы 5-7 минуттан артық емес.

 

   Ұсынылған  жұмыстардың бағалау  өлшемдері:

          1. Баяндаманың тақырыбы жүргізілген зерттеу жұмысының  тақырыбын ашуы.

          2. Танымдылық және тәжірибелік тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығы.

          3. Баяндаманың ғылыми мазмұны, толықтығы мен мазмұнының аяқталуы.

          4. Кіріктірілген элементтерді  денсаулық  сақтау  тәжірибесімен  ұштастыру.

          5. Ғылыми  зерттеулердің  қажеттілігі  және  оны  медицинаға  енгізу.

          6. Тұжырымдамалардың  міндеттерге, баяндаманың  мазмұнына  сәйкестігі.

      Мақалалар  мен  баяндамалар  «Тұрғындардың денсаулығын нығайту - мемлекеттің  тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму факторы»  атты  ғылыми-тәжірибелік  конференция  жұмысының жинағында  жарияланады. Жинаққа  жариялауға  ұсынылған  баяндамалар саны шектелмеген.       

       Конференцияға қатысу   тапсырысын және баяндама материалдарын  2016 жылдың

 05-10  қараша аралығында   өткізу керек.

       Конференция  қорытындысы бойынша  ең  үздік  жұмыстар  арнайы  дипломдармен  марапатталады.

Жинаққа жариялауға ұсынылған  баяндамаларды  рәсімдеуге қойылатын талаптар.

   Жоғарыда  көрсетілген бағыттар  бойынша  баяндамалар  компьютерде,  парақтың бір бетінде бірыңғай  жол арақашықтықпен, сол жағы, төменгі, жоғары жақтары - 20 мм қашықтықты  Word 7,0 мәтіндік редакторында 14пт -кегль, орыс тілі үшін Times New Roman, қазақ тілі үшін - KZ  Times New Roman. Азат жолы - 1,25мм, А4 (210х297 мм) формат бетінде жазылуы керек. Суреттер мен кестелер мақаланың мәтінінде орналасуы керек. Қолданылған  әдебиеттер  тізімі баяндаманың  соңында 71-84 ГОСТ пен сәйкес жазылып көрсетіледі.

      Мәтіннің көлемі А4 форматында 5 беттен артық болмауы керек.

      Парақтың жоғарғы жағының  ортасында ғылыми  жұмыстың тақырыбы, автордың (авторлардың) аты-жөні, УИРС жетекшісінің аты-жөні, әрі қарай ортасында оқу мекемесінің  атауы, Е-mail, курсивпен бос орын арқылы азат жолдан бастап 5-7 жол көлемінде қысқаша  андатпа  жазылады. Одан әрі орын және баяндаманың мәтіні.

  Мысалы:

Онкологиялық ауру жаңа ғасырдың жаңа мәселесі

Тұрсынходжаева М.Т. «Емдеу ісі» 301 топ

Жетекшісі: Даулетов А.М.

Жамбыл медициналық колледж, med.col.priem@zhambyl.kz

«On-line»  тәртібінде оқылатын баяндамаларға қойылатын талаптар:

-  Әр колледжден 2 өкілден қатыса алады (10.11.2016 ж. дейін әр қатысушының деректерін ұсыну қажет);

- Регламентті сақтау (5-7 минут);

- Кестелер, сызбалар, диаграммалар, суреттер  «Power Point» бағдарламасымен жасалуы керек;

-Баяндаманың слайдтарын нөмірлеу қажет (себебі, сіздердің видеопрезентацияларыңыз біздің қызметкерлермен көрсетіледі).

Ұйымдастыру жарнасы: мақаланы жариялау 3000 (үш мың) теңге. Жарна біздің колледждің есеп шотына аударылуы керек.

  Жамбыл медициналық колледжінің директоры:                              Сарыбекова Ж.Н.

Байланыс телефондары: 8 (7262  45-03-20;  43-10-89)  моб. 8 701 676 55 64; 

                                       

Техникалық сұрақтар бойынша: Исмаилова А.Е

Ұйымдастыру  бойынша:  Иманбекова Жамиля Болатханқызы 

 Заңды мекен-жайы мен  деректемелері:

Жамбыл  облысы  әкімдігінің

Денсаулық  сақтау  басқармасының

«Жамбыл  медициналық  колледжі» КМҚК

Тараз қаласы, Ниеткалиев к., №20

№ KZ 42914142203KZ0008A (KAZ)

БИК SABRKZKA

БСН 990240002413

КБЕ 16

«Ресей жинақ банкі» Акционерлік қоғамның еншілес банкі «Сбербанк».

 

Конференцияға қатысу өтініші.

Оқу орнының атауы

 

Конференцияға қатысу нысаны

 

Керегін сызыңыз:

  1.  
  2. мақаланы жариялау.
  3. мақаланы жариялау және сөз сөйлеу.

Студенттің аты - жөні:

 

Мамандығы, курсы:

 

Жетекшінің аты - жөні:

 

Жетекшінің  лауазымы:

 

Толық  мекен - жайы (индекспен):

 

Е-mail:

 

Мақаланың тақырыбы:

 

Жетекшінің, баяндамашының байланыс телефоны:

 

 

 

 

 

 

11.10.2016 12:28:37 "Балауса" қыздар клубы

15.09.2016 ж.Жамбыл медициналық  колледжінде бойжеткен қыздарды ұлтымыздың салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрып, рухани құндылықтарды құрметтей білуге, ұяңдық пен биязылыққа, инабатты, білімді болуға тәрбиелеу  мақсатында  "Балауса" қыздар клубының ашылу салтанаты өтті. Кештің ашылу салтанатына «Асыл Арман»  ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» ҚБ төрағасы: Нұрақбаев  Р.Д.қатысты. Ұйымдастырушылар колледж психологтары: Оскенбаева А.Н, Мухамодиева Н.Е.

11.10.2016 12:27:10 Қоғам және мен

14.09.2016 жылы  «Дінің тұрсын дін аман» тақырыбында колледж студенттерімен  кездесу болып өтті. Кездесу барысында «Кеңесхан қажы» мешітінің имамы Ғ. Ахметов, «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары А.Кадралиев, Б. Кулназаров, облыстық дін істер басқармасының бас маманы А. Құлымбетовтер сөз сөйлеп, ойларын ортаға салды.

 

25.09.2016 жылы «Дін және мен» діни радикализмнің алдын алу тақырыбына сәйкес «Жаңа - Ру» жастар коалициясынан Д. Өмірбеков пен Түркістан Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ доценті З. Жандарбек колледж студенттерімен  түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

<<     <     9     10     11     12     13     14     15     16     17     18     >     >>