19.10.2016 ж. Студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, денені сауықтыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Ә.М.Ниязқұлов "Мейіргер ісі" бөлімінің 109 топ студенттерімен “Жеңіл атлетика. Екпін алып ұзындыққа секіру әдісін үйрету” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқытушы алдына қойған мақсаттарына жетті, студенттерді шыдамдылыққа және жылдамдық, ептілік, икемділік күшін арттыруға баули білді.
|