28.09.2016 ж. "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 4-ші "Бірегейлік пен бірлік" бағытын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі "Қазақстан - Ұлы Дала Елі" сандық технологиялар саласындағы жаңа бірегей өнімді сандық қосымшаны әзірлеп ұсынады.
Бұл жоба 87-ші "қадамда" көзделген әрбір азаматқа және шетелдік туристке ел туралы көбірек білуге көмектесу мақсатында "Қазақстан энциклопедиясы" кең көлемді интернет жобасын құру жөніндегі елбасының тікелей тапсырмасының орындалуының нәтижесі.
Осыған орай "Қазақстан - Ұлы Дала Елі" сандық қосымшаны таныстыру мақсатында үстіміздегі жылдың 28 қыркүйегі сағат 11.00-де Жамбыл медициналық колледжінің Б корпусынын мәжіліс залында 3 курс білімгерлерімен кездесу өткізілді. Келген конақтар: Шәмші Әлібек Облыстық Жастар ресурстық орталығының маманы, Беделбай Ерасыл Облыстық Жастар ресурстық орталығының маманы.
|