17.10.2016.-29.10.2016 жылы бюджет негізде «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі» мамандықтары бойынша «Ер адамдардың денсаулығын қорғау. Емханадағы ерлерді қарау кабинеті мейірбикесінің (мейіргер) жұмысы»,«Созылмалы инфекциялық емес және әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын-алу МСАК мейірбике рөлі»,«Шұғыл жедел жәрдем фельдшерінің жұмысы» атты циклдар өткізілді.
03.10.2016.-15.10.2016 жылы ақылы негізде «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі» мамандықтары бойынша «Білім беру жүйесі мейірбикесінің жұмысы», «Акушерия және гинекологиядағы шұғыл жағдайлар», «Педиатрияда көрсетілетін дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек», «Дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсетудің жалпы мейірбикелік технологиялары» атты циклдар өткізілді.
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып Жамбыл медициналық колледжінің «Біліктілікті жетілдіру және қайта даярлау, симуляциялық оқыту орталығы облыстағы орта медицина қызметкерлерін оқыту кестесін ұйымдастырды. Колледждің әкімшілік – оқытушылар құрамынан тренерлер дайындалды.«Біліктілікті жетілдіру және қайта даярлау , симуляциялық оқыту жұмысы жөніндегі директордың орынбасары М.И.Тлеубаева мен «Аймақтық симуляциялық орталықтың» бөлім меңгерушісі Ф.Д.Тұрмысова ағымдағы жылдың 29-қыркүйегінде Астана қаласында өткізілген МӘМС енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу шеңберінде ұйымдастырылған медициналық ЖОО және колледждер оқытушы тренерлеріне арналған семинарға қатысты.
|