қазақ     русский

Новости колледжа

26.12.2016 14:43:25 «Ел тілегі ежелден-Тәуелсіздік»

12.12.2016 ж.  Жамбыл медициналық колледжі  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай еліміздің 25 жыл ішінде қол жеткізген  жетістіктерін насихаттау және тәуелсіздік туралы студенттердің білімдерін өзектендіру, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту мақсатында   on-line тәртібінде «Ел тілегі ежелден-Тәуелсіздік» атты облыстық ғылыми − тәжірибелік конференция өтті.  Жамбыл медициналық колледжінің  ұйымдастырылуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  «Ел тілегі ежелден-Тәуелсіздік» тақырыбында өткен  облыстық ғылыми − тәжірибелік конференцияға  Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы Т.Ш.Әбілдаев арнайы шақыртылып, конференцияның салтанатты ашылуында сөз сөйледі. Жамбыл медициналық  колледжінің  директоры  Ж.Н.Сарыбекова барлық конференцияға қатысушыларды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушы студенттерге сәттілік тіледі. Конференция үш тілде: қазақ, орыс  және ағылшын тілінде өткізді.

26.12.2016 14:36:53 Педагогикалық кеңес

15.12.2016 ж.

 Педагогикалық кеңестің екінші отырысы өткізілді.

 Күн тәртібінде:

1. Міндетті әлеуметтік  медициналық сақтандыруды енгізу жұмысы туралы Тлеубаева М.И.

2. Студенттердің медициналық көмекпен қамтамасыз етілуі  және тамақтануының сапасы мен ұйымдастырылуы. Жауапты: Назар.Д.Қ.

3. Қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі пәндерінің оқытылуы мен білім сапасы, қазақ тілін  меңгеруде лингафон кабинетін қолдану сапасы.

15.12.2016 18:51:15 Оқырман шығармашылығынан:

 

 

 

 

 

Авторы: Ғалымжанова Гүлназ

Жамбыл медициналық колледжі

«Мейіргер ісі» бөлімі, 109 топ студенті

 

Қазақ тілім-Қорғаным

Тілім менің-жүрегімнің бөлшегі,

Ата-бабам мұра қылған еңселі.

Әр адам құрметтесе тек өз тілін,

Патриоты сол болар осы елімнің.

Қазағым тілін сүйген бір халық қой,

Тілімде жүрегімнің мың халқы ғой.

Тілім менің қазағымды даңқты етсе,

Еңсем тік, рухым  биік сен қарап қой.

Қазақ деген халық бар сен біліп қой,

Тіл деген қасиетті бір ұрпақ қой.

Қазақ тілі бізден кейін мұра болса,

Сақталып жүректерде мәңгі қалса.

Қуанып қалар еді –ау, ата- баба.

Егерде қазақ мықты халық болса.

 

Тәуелсіз Қазақстан

Қазақ елі, жасай берсін, жасасын,

Ата-баба тілектері орнасын.

Тәуелсіздік тұғырында бүгін біз,

Әрқашанда Қазақстан жайнасын.

Қазағымның  берекесі бүгінде,

Ортаймасын, жер жарсын ел жүзінде.

Барлық адам бақытты ғой бүгінде,

Бақыттымыз тәуелсіздік күнінде.

Қазақстан-Отанымыз, арымыз,

Қолдайық  Президентті бәріміз.

Осы күнге жеттік міне, тағы біз,

Алғыс айттық Президентке бәріміз.

Қазақ елі жүректердің төрінде,

Әрбір қазақ мақтанады бүгінде.

Мақтануға тұрады бұл Қазақстан,

Тәуелсіздік ертеңіміз біздің де.

Қазақпын деп мақтанамын, тоймаймын,

Бірлігі бар халықтармен тойлаймын.

Қазағымның мерекесі бітпесін,

Қазақ елін менде ертең ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

Авторы: Зхия Шұғыла                                  

Жамбыл медициналық колледжі

«Мейіргер ісі» бөлімі, 105 топ студенті

 

Тәуелсіздікке арнау

Айтайын келген сөзді тіл ұшына,

Қансыншы көп құлақтың құрышы да.

Азаттықты,Елдікті жырласын деп,

Шабыт жүрек әкеліп отыр мені осында.

Мүшәйраға жиналған жас ақынның,

Жаратқан ырыс қоссын ырысына.

 

Асылдар мекен еткен атырабым,

Қазақстанның баршаға аты мәлім.

Ерлігіне батырлардың сөз жетпейді,

Шіркін-ай! Мін тағады затына кім?

Тілім жетсе көрейін жырлап мен де,

Желтоқсанның қыршын кеткен батырларын.

 

Мақтандым, масайрадым, көк тіредім,

Еліме жанға жайлы төкті лебін.

Ерлігін таразыға салмайтындай,

Жаратқан тау мүсіндес тектілерім.

Қыршын кеткен Қайраттай ағамызды,

Осы сөздің дәлелі деп білемін.

 

Отан үшін қызыл тілін қылыш еткен,

Сабира, Ләззат сынды тектілерім.

  Қазағымның қайсар ері қыздары деп,

  Мақтандым, жырымменен көк тіредім.

 

  Жарар ед сөз тастасам ой бөлгендей,

  Ұласып той үстіне той келгендей.

  Егемендік еншімізге тигені бұл,

  Бар қазақ даласына ой бергендей.

 

  Қазақ елі ерліктің жыр мекені,

  Хан,сұлтаны,батыры алып берген берекені.

  Тәуелсіздік мерей тойын тойлап жатқан,

  Көрінді кең пейілді ел екені.

  Айналдырып думанды ұлы тойға

  Мерекеге қосайық мерекені!!!

 

 

 

 

 

 

 

Авторы:  Қосақова Алтынай Қайырдиллақызы

Жамбыл медициналық колледжі

«Емдеу ісі» бөлімі, 313 топ студенті.

 

Астана-ел тірегі

Қазақстан жүрегі,

Астана- елдің тірегі.

Зәулім заңғар ғимарат,

Құлпыртып көрік береді.

 

Жанында Есіл еркелеп,

Аспанменен үндескен.

Көрдің бе міне,

Бәйтерек.

 

Ақ ордам неткен әдемі,

Бейне бір ғажайып әлемі.

Еткен еңбек, төккен тер,

Жемісін берді киелі.

 

Назарбаев ағамыз,

Басшымыз, әрі данамыз.

Болашаққа нық сеніммен

Қол ұстасып барамыз.

 

Астана -жас қаламыз,

Келешегі достар боламыз.

Ендеше дәл бүгіннен,

Жарқын болсын санамыз.

 

Жасампаздың жемісі,

Білім мен өнер кеніші.

Көрікті әсем ару қала,

Астана көркейіп келеді.

 

Сарыарқаның төрінде,

Бой көтерген Астанам.

Жарасып тұр Есілмен,

Жас қала, бас қалам.

 

Жамбыл ата.

 

Жамбыл ақын қазақтың өр тұлғасы,

Қолынан түспейтұғын домбырасы.

Жамбылдың төрінде дүниеге келген,

Ұлтымның сөзі маржан ұлы тұлғасы.

 

Өлең сөздің дүлдүлі Жамбыл ата,

Сүйінбайдай ақыннан алған бата.

Бала кезден өлең-жырға үйір болып,

Ақындардың ішінен шыққан дара.

 

Асқақтаған ақындармен айтысқансыз,

Дарабоз жыршылармен жарысқансыз.

Кез келген дүлдүлменен сайысқа түсіп,

Әрқашан шыншылдықты ұстанғансыз.

 

Ақындықпен ала жүріп күйшілікті,

Осылай өзге де өңірлерге аты шықты.

Тапшылмаған еңбегінің арқасында,

Қазаққа жыршы деген аты шықты.

 

Өлеңіңді мәңгі сақтап есімізде,

Санамызға біліміңді түйеміз де.

Жамбылдай ақын бар деп қазағымда,

Мақтап айтып жүреміз әркез бізде.

 

 

 

 

 

 

Авторы: Қуат Аружан

Жамбыл медициналық колледжі

«Мейіргер ісі» бөлімі, 107 топ студенті.

 

Тарих жолында!

Қазақ деген ғұн мен сақтан тарағанбыз

Тарихта алтын атпен қаралармыз

Қаншама қиын тағдыр кешкенменен

Хандықтың туын тіккен бабаларымыз

 

Отан үшін отқа түсіп жанын берген,

Исатай мен Махамбеттей асыл ерлер.

Ұлылардан тараған текті ұрпақпыз,

Елі үшін соңғы тамшы қанын берген.

 

Ақ сақалды қария мен аналардың

Әлпештеп аялаған үмітіміз

Біз үшін қолдағының бәрін берген

Қонағын құдайындай құрмет тұтып

Қорадағы жалғыз түйір малын берген.

 

Ал, қазір егемен ел болып тұрмыз

Тереземіз басқа елдермен тең көрінген

Талайларды шаңымызға ілестіріп

Қазақтың кім екенін дәлелдеген!

 

Жапырағын жайған рухты, алаш халқым

Күннен-күнге танылып мықты атың

Ұлан ғасыр той жасап тойлата бер

Мың ғасырға жеткенше асыл даңқың!

 

 

 

 

 

 

Автор: Нұржауова Перизат Толыбайқызы

Жамбыл медициналық колледжі

«Мейіргер ісі» бөлімі, 106 топ студенті.

 

Тәуелсіздікке- 25 жыл

Тәуелсіздік тойыңды тойла Қазақ!

Бүгінде Егеменді елсің азат!

Сан ғасырлар, аңсаған ата-бабам,

Еркіндіктің куәсі бүгінгі ұрпақ.

Көркейіп күннен-күнге нұрын шашты,

Тәуелсіз,жиырма бес жыл жайып қанат.

Асқақтаса аспанда әнұраным,

Елтаңбам күллі  әлемге танылды анық.

Астанам-Сарыарқадан қоныс тепкен,

Алыстан  көз тартады мен мұндалап.

Көтеріп  шаңырағын  Елбасымыз,

Желбіретіп, көк туды берді қадап.

Жаптырды полигонды Семейдегі,

Елімнің келешегін терең ойлап,

Нұрлы көш бағдарлама түзіп кемел,

Оралды Отанына исі қазақ. 

Енуге елу елдің қатарына,

Алдына мақсат қойды, тұрмай қарап,

Белгілеп берді бекем шекараны,

Келісіп көршілермен  тартпай садақ.

Алашымнан үш батыр ғарышқа ұшып,

Елімнің келешегін келді барлап,

Ерлігін Нұрсұлтандай Елбасының,

Жүрейік, әрқашанда біз бағалап.

«Тәуелсіздік» тұғырын берік ұстап,

Табыстау кейінгіге бізге аманат!

15.12.2016 18:38:00 «Топ басшы - 2016»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай эстетикалық және рухани – адамгершілікті дамыту мақсатында 2016-2017 оқу жылында түскен студенттердің  арасында патриоттық сезімдерін және мамандыққа деген сүйіспеншілікті, топ басшы мен білімгерлердің арасындағы қарыс қатынасты күшейту мақсатында  жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Б.Уркимбаева, студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы Б.А.Қырықбаева және белсенді студент А.Нарымбеттің ұйымдастыруымен «Топ басшы - 2016» байқауы өткізілді.

 

 

08-12.11.2016 жылы Астана қаласында өткізілген  «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттік қозғалысының XIII шақырылымына облыс бойынша іріктеліп  Жамбыл медициналық колледжінен  201 топ студенті Қыпшақбаев Ермек қатысты. Студенттер кәсіподақ ұйымы қаржылай демеушілік жасады.

 

17.11.2016 ж. Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Д.Б.Уркимбаева, студенттік кеңес ұйымы төрағасы 420 топ студенті Е.Т.Жанұзақ және  «Жас Отан» жастар қанатының мүшелерінің ұйымдастыруымен 17-қараша халықаралық студенттер мерекесіне орай «Қызықты көңіл, студенттік өмір!» атты концерттік бағдарлама өткізілді. Іс-шара барысында белсенді студенттер алғыс хаттармен марапатталды.

 

18.11.2016ж. Облыстық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының кеңесінде  студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы Қырықбаева Б.А. «Ел тәуелсіздігі -Жарқын болашақ кепілі» тақырыбында тәуелсіздіктің 25 жылдағы ішінде студенттер кәсіподақ ұйымының жетістіктері туралы баяндама оқыды.

15.12.2016 18:35:07 «Өмір, қымбатсың маған»

Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығында  Халықаралық мүгедектер күніне орай «Өмір, қымбатсың маған» атты қайырымдылық концерттік ұйымдастырып, Жамбыл медициналық колледжінің белсенді студенттері алғыс хатпен марапатталды.

<<     <     1     2     3     4     5     6     7     8     9     10     >     >>