16.01.2017.-28.01.2017 жылы ақылы негізде, орыс тілде «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Дәрі егу кабинетіндегі мейірбике қызметінің өзекті аспектілері», «Психиатриядағы мейірбике ісі» атты циклдар өткізілді.
2017 жылдың
2017 жылдың 10 қаң
29.12.2016ж. Директ
Қ.Р Ішкі істер министрлігі
229 топ студенттері
|
«Мейірбике ісі» кешкі бөлімнің 3 курс 31, 32, 33 топтары Қазақстан тарихы пәнінен Мемлекеттік емтихан тапсырды. Емтихан тест түрінде алынып, «Мейірбике ісі» кешкі бөлім меңгерушісі С.С. Турғымбекованың қадағалауымен өтті. Емтихан алушылар: 31 топ - тарих пәнінің оқытушысы М.К.Жакипова, 32 топ - тарих пәнінің оқытушысы А.К.Данебаева, 33 топ – тарих пәнінің Ш.Е.Ашимова. Емтихан нәтижелері: 31 топтың (кураторы А.М. Надиров) оқу сапасы : 96,2%; оқу үлгерімі: 100%; орта балы: 4%. 32 топтың (куроторы Ж.Ж.Айдабосынова) оқу сапасы:78,5%; оқу үлгерімі: 96,4%; орта балы: 3,8%. 33 топ (кураторы Ә.М. Ниязқұлов) оқу сапасы: 92%; оқу үлгерімі:100; орта балы: 4,1%. |
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты «Құқық негіздері» пәнінен Е.К.Самратбаев «Қазақстан Республикасының соты және сот төрелігі» тақырыбында «Емдеу ісі» бөлімінің 213 топпен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Студенттерге ҚР сот төрелігі және сот жүйесі билігі, сот процесінің шешімдері, судьялар мәртебесі туралы маңызды мәліметтерді түсіндіру. Құқықтық білім әр азаматқа керек екенін ұғындыру. Студенттердің ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз ойларын нақты жеткізу және шығармашылық ізденіске бағыттау, құқықтық сауаттылығын молайтып, өз пікірлерін ашық айтуға үйрету және есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, жақсы деңгейде өтті.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты «Қазақстан тарихы» пәнінен Г.О.Шалғынбаева «XV III ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан» тақырыбында «Мейіргер ісі» бөлімінің топ студенттерімен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: XV III ғасырдың бірінші ширегінде Қазақстанның жаңа заманға аяқ басуы: теориялық аспектілер мен проблемалары, кезеңдері және ішкі саяси әлеуметтік экономикалық жағдайлары. Қазақстанға жоңғарлардың шабуылы «Ақтабан шұбырынды», қазақ-жоңғар қатынастары, жоңғарларға қарсы халықты басқарған қолбасшылар, Бұланты және Аңырақай шайқастары, қазақ-жоңғар әскерінің халықтың ауызша тарихында орын алуы туралы ақпарат беру. Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, жақсы деңгейде өтті.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты «Қазақстан тарихы» пәнінен А.С. Байбосынова «Қазақстандағы отарлау дәуірінің басталуы» тақырыбында «Мейіргер ісі» бөлімінің 101 топпен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Қазақстанның Ресейге қосылу барысындағы қарама қайшылықтар мен қиындықтарды түсіндіру, қазақ-жонғар қатынасы. Қазақстан мен Жоңғария Ресей мен Қытайдың сыртқы саясаты, XVIII ғасырдағы қазақ қоғамы, Абылай ханның мемлекет басшысы, қолбасшысы, дипломат болғаны жайында түсінік бере отырып тарихи ақпаратты жеткізу, деректерді ашу арқылы студенттерге толық мағұлмат беру. Студенттердің танымдық, білімділік деңгейін көтеру, ой белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөздік қорын, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту, өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу. Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, жақсы деңгейде өтті. баулу. Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, жақсы деңгейде өтті. |
1. Барлық мамандықтар бойынша күндізгі және кешкі оқу бөлімдері түлектерінің кызметпен қамтамасыз етілу сараптамасы. (Жауапты: жастардың кәсіптік білім алуына кәсіби бағдар беру және түлектерді жұмысқа орналастыру комиссиясының маманы Қалдыбекова Ж.С.) 2. I-ші жартыжылдық қорытындысы бойынша дифференциалды сынақтар мен емтихандардың ұйымдастырылуы және өткізілу сапасы. (Жауапты: білім сапасын тексеру комиссиясының төрайымы Шужеева Ж.Л.) 3. Оқытушылардың басылымға берген әдістемелік жұмыстары туралы. («Тағылым», «Эверо», «ИП Бейсенбекова»). (Жауапты: әдістемелік кабинет)
|
26.01.2017 ж. Күн тәртібінде: 1. Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың Конституцияға өзгерістер енгізу арқылы елімізде басқару жүйесіне өзгерістер енгізу қажеттігіне байланысты үндеуі. 2. Құзіреттілік әдіс шеңберінде оқу, оқыту және бағалау әдістерін әзірлеу. (Жауапты: оқытушы Айдралиева Ә.Б.) 3. Курс повышения квалификации "Преподаватель коммуникативных навыков" в рамках Дорожной карты проекта МЗиСР РК "Модернизация медицинского образования" на 2016-2019 гг. (Жауапты: оқытушы Ералиев М.Л.) 4. «Шұғыл жағдайларда жедел көмек көрсету» -жүрек-өкпе реанимациясы, талма кезінде жедел көмек көрсету. 4.1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының №111 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы медицина ұйымдары қызметкерлерінің қолын өңдеу әдістемелік кеңестері» (Жауаптылар: Бибосынова С.Г., Кудебаева Э. Ж., Ержанов Б.Т.) |
<< < 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 > >> |
|
|