06.12.2016 ж. Ағылшын тілі пәні оқытушысы Ж.С. Алибаева «Медбикелік іс» бөлімі, 204 топта кәсіби ағылшын тілі пәні бойынша «Diet and fatness.Interrogative sentences» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: ұтымды тамақтану және семіздік тақырыбына байланысты білім және біліктілік дағдыларын қалыптастыру, жаңа сөздермен таныстырып, сөздік қорларын толықтыру, ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру, студенттердің оқу сапасы мен пәнге деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар әр жеткіншектің іскерлігін, ізденімпаздығын байқау, есте сақтау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік беру. Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, жақсы деңгейде өтті.
09.12.2016ж. Б.А.Қырықб аева «Мейіргер ісі» 105 топта ағылшын тілі пәнінен «Art of Kazakhstan. Degrees of comparison of Adjectives» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты:Қазақстандағы өнер, соның ішінде музей туралы мәлімет беріп, сын есім шырайларының жасалуын түсіндіріп, білімдерін жетілдіру. Жаңа сөздерді дұрыс жазуға, айтуға үйретіп, сөздік қорын толықтыру. Алған білімдерін пайдаланып, ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру. Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, жақсы деңгейде өтті.
09.12.2016 ж. «Мейірб ике ісі» бөлімі 206 топта «Имя пирлагательное. Питание при воспалении поджелудочной железы» тақырыбында орыс тілі пәнінің оқытушысы Л.К.Мейрманова ашық сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты: студенттердің сын есім туралы білімдерін жүйелеу, нақтылау, қорытындылау. Студенттердің іскерлігін, іздемпаздығын байқау, лексикалық мәтін арқылы олардың сөздік қорын кеңейту. Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, жақсы деңгейде өтті.
14.12.2016 ж. «Мейір бике ісі» бөлімі 208 топта «Местоимение. Первая помощь пострадавшему» тақырыбында орыс тілі пәнінің оқытушысы А.О. Бейсенбаева ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: студенттерге есімдіктің түрлерін ажырата білуге, салыстырмалы түрде жүйелеп қорытындылау. Орыс тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Өз бетінше жұмыс жасауға үйрету. Студенттерді өзін-өзі құрметтеуге тәрбиелеу, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ашық сабақ өз мақсатына жетті.
13.12.2016 ж. “Мед бикелік іс” бөлімі 204 топпен “Тәуелсіз елім, тұғырың сенің биікте” тақырыбында топ кураторы А.С.Қудайбергенова бөлімішілік ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері арқылы студенттерді ұлтжандылыққа, атамекенін көзінің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Ашық тәрбие сағаты өз мақсатына жетіп, жақсы деңгейде өтті.
15.12.2016 ж. « Мейіргер ісі» бөлімі 102 топ студенттерімен Д.А. Рысқұлбекова «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында ЦӘКішілік ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Қазақстан Республикасының 25 жылдық тарихына шолу жасай отырып, студенттердің өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру, еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру, қазақ халқының ерлігін, даналығын паш ету. Ашық тәрбие сағаты өз мақсатына жетіп, жақсы деңгейде өтті.
14.12.2016 ж. Тарих пәнінің оқытушысы Ш.Е.Ашимова “Емдеу ісі” бөлімінің 2 курс студенттері арасында “Знатоки истории родного края” тақырыбында байқау өткізді. Мақсаты: студенттердің Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктерін мақтаныш ету сезімдерін және Отанға деген патриоттық рухтарын ояту. Еліміздің өткені мен бүгінгі тарихы туралы білімдерін жетілдіру. Байқау жақсы деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті.
|